ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ГАЗ БАЛЛОНЫ ЖАРЫЛМАЙ ҚАЛДЫ

11:58, 2 шілде 2020

Өткен тәулікте өңір құтқарушылары 2 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде Бірыңғай диспетчерлік пультіне әртүрлі сипаттағы 14 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде біреуі өрт, жетеуі тұтану оқиғалары.

Бүгін таңғы сағат төрт жарымнан аса Павлодар ауданы Чернорецк ауылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. «Пресновское» шаруа қожалығында 15 шаршы метр аумақта ағаштан жасалған күзетші үйшігі толығымен жанып кетті. Оқиға орнына жедел жеткен №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

Ербол Теміров, ТЖ департаментінің ресми өкілі:

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Сонымен қатар өткен тәулік ішінде департаменттің бірыңғай пультіне 14 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде біреуі өрт оқиғасына байланысты. Жеті өртену оқиғасына байланысты және авариялық-құтқару жұмыстарына байланысты екі шақыру және басқа себептермен төрт хабарлама келіп түскен.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарына «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің нормаларына сәйкес, арнайы қызметтерді жалған шақыру үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...