ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕЛІК АТҚАН БРАКОНЬЕРЛЕР 2 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

19:48, 8 қаңтар 2021

Елік атқаны браконьерлер 2 млн.теңге айыппұл төледі. Естеріңізге болса, 22 қараша күні Аққулы ауданында браконьерлер қолға түскен болатын. Олар заңсыз елікті атып алған жерінен құрықталған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Сот қаңтар айының ортасына белгіленген.

1 киікті заңды жолмен атып алу рұқсаты 250 АЕК, яғни 740 мың теңге тұрады. Қазіргі таңда ақбөкендердің санын арттыру мақсатында аулауға тыйым салынған. 2020 жылдың қараша айында Аққулы ауданында орманшылар заңды белшеден басып, бір киікті атып алған бір топ броконьерлерді қолға түсірді. Сот келесі аптаға белгіленгенімен, айыпталушылар 2 млн. 83 мың теңгені айыппұл ретінде төлеген.

Аждар Жүсіпов, Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы:

Жаңа жылдың алдында айыпталушылар 2 млн 83 мың теңге көлемінде айыппұлды толықтай өтеді. Сома Павлодар қаласының бюджетіне түсті. Себебі, заңбұзушылардың бірі Павлодар қаласы тұрғыны болып шықты.

Браконьерлер киікті Ертіс алқабының бойында атқаны үшін, айыппұл 3 есеге артқан. Салдарынан олар 740 мың теңге емес, 2 миллионнан астам қаражат төлеген. Естеріңізге салсақ, құрықталған заңбұзушылардан мотоцикл, қару мен өлі елік денесі тәркіленді.

 

Мөлдір ҚҰРЫМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...