
Баянауыл ауданының экс әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, ол 2020 жылдың 4 қарашасында ұсталған болатын. Айыпталушыға 2016-2019 жылдар аралығында өзінің қызметтік бабын пайдаланып, заңсыз аэродронның құрылысы үшін нысан алып, аэропортқа арналған ұшу-қону жолағына арналған жерді тиісті нормаға сәйкес келмесе де заңсыз сатып алған деген айып тағылды.
Сотта айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындаған. Мемлекеттік айыптаушы бас бостандығынан 4 жылға айыруды сұрады. Сот 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұған қоса, өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.