ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНДА СІЛЕУСІН КӨЗГЕ ТҮСТІ

18:33, 17 ақпан 2021

Баянауыл ұлттық саябағында сілеусін көзге түсті. Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде желдей еседі. Осы орайда, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының Экскурсия жөніндегі нұсқаушы мемлекеттік инспекторы Алтынбек Құрманов саябақта сілеусін де, бұлан, арқар, қабан да бар екенін атап өтті.

Тілге тиек ету керек, олардың бәрі ерекше қорғалған. Ұлттық парк жанынан мониторинг жүргізетін ғылыми топ құрылыпты. Қызметкерлер күн сайын көрген аңдарын есептеп, аталмыш бөлімге тапсырып отырады. Дәл осылай, Баянауылда қандай аңдар бар екендігі және олардың азық қоры анықталып отырады. Инпектордың айтуынша, қыс айларында саябақта аңдар саны көбейетін көрінеді.

Алтынбек Құрманов, баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының экскурсия жөніндегі нұсқаушы мемлекеттік инспекторы:

Қазіргі мынау әлеуметтік желіде көрініс тауып жатқан аңдар, айтатын болсақ, сілеусін, болмаса анау бұландар еркін жүрет ін себебі, өткен жылы бізде карантин, яғни, пандемияға байланысты жабық болды. халық келген жоқ. Келсе де аз болған. Пайызды құрамайды деп айтсақ та болады. Соның әсері тиіп жатыр. енді әркім өзінің шаңырағында қожайын сияқты бұл аңдар да осы таудың тасының, Баянауылдың табиғатының қожайындары.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...