ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ БОРАН КҮТІЛЕДІ

19:39, 4 ақпан 2021

Облыс орталығында қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Күні кеше бірнеше сағат қана жауған ақ ұлпа адам түгілі техниканы әбігерге салды. Коммуналшылар мен қазавтожол өкілдері көшелер мен жолдарда тазалау жұмыстарына кірісті. Ал, синоптиктер арқаны кеңге жаюға әлі ерте дейді.

Ақпан – боран айы, деп бекер айтылмайды. Ай басталғалы қармен күрес басталып кетті. ҚазАвтожолдағылар жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қозғалысқа шектеу қойып, жолдарды жапды. Ал, коммуналшылар қызу жұмысқа кірісті.  

Самал Қалиқызы, тілші:

Өткен тәулікте Павлодар қаласында 170 тен аса көлік жұмылдырылған. Олардың қатарында самосвал, жүк тиегіш көліктер, сыпыру жинау көліктері бар. Қазіргі таңда аялдарамаларды жол жиектерін жинауға 160 тан аса адам жұмылыдырылған. Қаладан 3 мыңнан аса қар шығарылған екен.

Жансерік Қапзолла, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің маманы:

Қаладағы автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында құм шашқыш машина жұмыс жасауда. 160 атн аса адам жұмылдырылды. 3000 тоннадан астам қар шығарылды. Жұмыстар жалғасуда. Қыс басталғанна бері 300 мың тоннан дан астам қар полигонға шығарылды.

Республикалық маңызы бар жолдар да тазалауды қажет етеді. Павлодар облысына  қарасты 1588 шақырымды қардан тазалау «ҚазАвтожол» компаниясының мойынында. Компания өкілдері кеше жолдардың жабылуына байланысты жұмыстарды бүгін таңертең  бастағанын хабарлады. Қазір 50 бірлік техника жұмысқа шыққан.

Ерлан Рыспеков, «Қазавтожол» ПОФ басшысының орынбасары:

Таңғы сегізден бастап республикалық жолдар ашық. 50 аса техника жұмыс істеп жатыр. 200-ден аса адам жол басына жұмылдырылған.

Ауа-райы демекші, синоптиктер кеше басталған жауын шашын алдағы 2-3 күнде  жалғасатынын жеткізді. Яғни қар жауып, боран болуы ықтимал. Алдағы күндері ауа температурасы түнгі уақытта -5, -10, күндіз -3+2 грдаусқа  дейін көтеріледі.

Надежда Аринова, «Қазгидромет» ПОФ синоптигі:

Алдағы 2-3 күнде ауа райы сақталады. Жауын шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. 7-сі күні  жер болуы мүмкін. Яғни желдің жылдамдығы метріне 15, 20 секундына дейін жетеді.

Осы ретте, мамандар өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін боранды, дауылды күндері тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді. Сақтансаң, сақтайды демеуші ме еді?!

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...