ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

23 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

17:39, 22 қараша 2020

Павлодар облысында педофил 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында қаралды.

1974 жылы туған Успен ауылының тұрғыны өгей қызына қатысты зорлау фактісін жүзеге асырғанын және осындай әрекеттермен оны өзін-өзі өлтіруге итермелегенін анықтады. Ер адамға зорлау, жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы іс-әрекеттер жасау, сондай-ақ оны өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Бірақ, қылмыскер өз кінәсін мойындамады.

Нұрлан Айтбаев, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы:

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, медициналық сараптаманың қорытындысымен, сотталушының өзінің айғақтарымен дәлелденді. Прокурор оған 20 жыл, жәбірленуші тарапты ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Жиынтықты ескере отырып, ең жоғары қауіпсіздік Қылмыстық атқару жүйесінде 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айыпталушы өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...