ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

139 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

00:05, 12 желтоқсан 2020

Бүгін Павлодарда тәртіп сақшылары есірткі тасмалдамақ болғандардың жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оңтүстіктен үш қап есірткі тектес зат әкелген күдіктіні ұстады.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде көліктен табылған қап ішінде марихуана екені анықталған. Жедел уәкілдер ер адамның есірткі заттарын еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодар қаласына жеткізуді ұйымдастырғанын айтты.

Мақсат Арынғазинов,  облыстық ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері:

Ұсталған кезде жүк бөлімінде және автомобиль салонында сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бес қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес  салмағы 139 келіден асатын «марихуана» есірткі заты болып табылады. Ұсталған адамға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды.

Осы іске қатысты ҚР ҚК 297 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 395 келіден астам түрлі есірткі тәркілеген. Қазіргі уақытта Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында  есірткіге тәуелді 2080 адам есепте тұр.

 

Гауһар МҰСА

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...