
Құтқару қызметтерінен халыққа таралатын SMS-хабарламалар ақысыз. Ұялы телефондарға ауа-райы жағдайы туралы мәліметтер тегін жолданады. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдай Министрлігінің ресми өкілі мәлім етті.
Ауа-райы жағдайы туралы СМС хабарламалар бүгінде әрбір ұялы байланыс операторының абонентіне келеді. Бұл мәліметтерді жіберудегі мақсат – тұрғындарды қандай да бір қауіп-қатерден сақтап, оқыс оқиғалардың алдын алу. Төтенше жағдай Министрлігі SMS-хабарламаларды тарату қызметіне қаражат бөлінбейтіндігін, аталмыш қызметтің ақысыз екенін жариялады. Өйткені, бұл азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың тиісті бабымен ескерілген. Екіншіден, ұялы байланыс операторларымен тиісті келісім бар. Төтенше жағдай Министрлігінің ресми өкілі хабарлағандай, 1 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында ауа райы жағдайы мен жолдардың жабылуына қатысты 200-ге тарта SMS-хабарлама таратылды.
Қуандық ТАНАБАС