
«Қазмедиа орталығында» ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр.
Шара барысында сөз алған Корпарацияның Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова 2016 жылдың басты жобаларын атап көрсетті.
«2016 жылдың басты жобаларының бірі Рио-де-Жанейрода өткен XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының телекөрсетілімдері болды. 6-22 тамыз аралығында «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары 218 рет хабар таратты. Олардың ішінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің финалдағы жекпе-жегінің телекөрсетілімі жоғары рейтингке ие болды. Былғары қолғап шеберінің шаршы алаңдағы жекпе-жегін 1 миллион 757 мың көрермен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаған», - деді Н.Жалауқызы.