ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС

18:34, 16 наурыз 2021

Бүгін Павлодарда экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың қатысуымен жиын өтті. Күн тәртібінде осы жылдың басында қабылданған жаңа экологиялық кодексті түсіндіру болды.

Экологиялық кодексті талқылауға жергілікті атқарушы органдар мен ірі өнеркәсіп басшылары және қоғам белсенділері қатысты. Жүздесудегі  негізгі мәселелер-атмосфераға ластаушы заттардың қалдықтарын азайту, оларды басқару, көгалдандыру мәселелері және қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру

Жаңа кодекс редакциясы өнеркәсіп кәсіпорындарынан қоршаған ортаға эмиссияны азайту үшін озық технологияларды енгізуді талап етеді. Халықаралық тәжірибе бойынша  «ластаушы төлейді» қағидасы енгізілді. Яғни, қазір компания қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

На сегодняшний день государство пайдаланушыларға экологиялық айыппұлдарды төлеуден гөрі қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеу үшін барлық шараларды қолданған тиімді болатындай жағдай жасау.Осы қағиданы негізге ала отырып, кодексте қол жетімді технологияларға негізделген экологиялық рұқсат болу, экологиялық заңнама бұзылған жағдайда айыппұлдарды қатаңдату сияқты ережелер қарастырылған.

Кодекске енгізілген барлық түзетулер біздің аймақта қалдықтарды азайтуға бағытталған. Өңірде экологиялық проблемаларын кешенді шешу үшін аймақта жол картасы әзірленді. Биыл 23 мың жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Қоғам белсенділері шығыс айналма жолындағы құрылыс жұмыстары үшін кесілетін ағаштар мәселесін көтерді. 5 мыңның орнына, іс жүзінде олар 19 мың ағаш пен бұтаны тартып алғысы келеді дейді.

Светлана Могилюк, эколог:

Ол 11 миллион 161 904 теңгеге бағаланды. Іс жүзінде бұл бір ағашқа 584 теңге. Бұл жетілген ағаш үшін аз баға. Сонымен қатар, өткен жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 2020 жылы көгалдандыруға 23 миллион 142 мың теңге  бөлген.

Асаин Байханов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Баламалы тасжолдың орналасуы 14 шақырымға ұзын болды және құны 10 млд жоғары. Ағаштардың бағалауы нег бұлай болды деген сұрақ орынды.  Бұл мәселемен айналысамыз.

Үздік озық технологияларды енгізудің арқасында елдің экологиялық жағдайы жақсарады. Бірінші кезеңде 50 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды ауыстыру жоспарланып отыр, олар жалпы ластанудың 80% құрайды.

 

Гауһар Мұса, Галина Трощева 

Тақырып бойынша материалдар

XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
17:05, 12 мамыр 2021
XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...