ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

20:41, 6 қаңтар 2021

Ауыл халықтық демократиялық патриоттық партиясының мүшелері Кеншілер шаһарына барып, тұрғындармен кездесті. Өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Сайлауалды бағдарламаларды түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге екі күн уақыт қалды. Яғни, қаңтар айының 8-і күні бұл процесс тоқтатылады. Осы ретте ауыл партиясының өкілдері Екібастұз қаласына арнайы ат басын тірей барды.

Ермат Байқұрманов, «АУЫЛ» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:

Өзіміздің арамызда. Ауылда болсын, қалада болсын. Ауыл партиясы ұйықтап жатқан партия емес. Біз танымал партиямыз. Мықты мықты азаматтарымызды мына тізімге кіргізіп, сайлауға қатысуға бел буып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгін Богатырь-ТРАНС мекемесінде Екібастұз қаласына келіп, сайлаушылармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жасап жатырмыз.

Аталмыш партия 2001 жылдан бері саяси додада бақ сынап келеді. Бірақ, партияның облыстық филиалы төрағасының айтуынша ауылдықтар арасынан мәжіліске өткен тұлға болмапты.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...