ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫН СЕРІК БАТЫРҒОЖИНОВ БАСҚАРАДЫ

20:37, 10 ақпан 2021

Тереңкөл ауданын Серік Батырғожинов басқарады. Бұл қызметте ол бұған дейін облыстық мәслихаттың депутаты болған және оның хатшысы болып сайланған Ернұр Айткеновтің орнына келді. Тереңкөл ауданының әкімі лауазымына Серік Батырғожиновтың кандидатурасын жергілікті мәслихат депутаттары қолдап, өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов аудан активіне жаңа басшыны таныстырды.

Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «агрономия» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы Ертіс ауданы «Голубовский» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 2013 жылдың қыркүйек айында Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болды. 2014-2016 жылдары – Ақтоғай ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары – Ертіс ауданының әкімі. 2020 жылы Серік Батырғожинов Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына басшы болып тағайындалып, онда жаңа тағайындауға дейін жұмыс істеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...