ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

19:09, 19 сәуір 2021

Аймақта «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Өңір басшысы қатысқан отырыста сайлауалды бағдарламаның жүзеге асу жолдары мен тиімділігі де сөз етілді.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының саяси кеңес отырысына аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов пен партиялықтар қатысты. Онлайн режимде өткен жиында 12 кеңес ұсынылып, олардың төрағалары тағайындалды. Кеңес әр саланы қамтиды.

Илья Теренченко, «Nur Otan» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл 12 кеңеске кез келген саладағы кәсіби мамандар, депутаттар енді. Олар, «Мирас», денсаулық сақтау кеңесі, жемқорлықты алдын алу, экономиканы дамыту, экологиялық, аграрлық сектор, білім беру сынды кеңестер құрылды. Олар мониторинг кезінде ұсыныстарын айтады, сайлауды бағдарламаның жол картасын жүзеге асыруға септеседі. 

Облыстың үш қаласы мен 10 ауданында осындай кеңестер құрылады. Ал, олардың құрамына праймериз қатысушылары мен жастар қауымы кіреді.

Ғабит Хафиз, саяси кеңес бюросының мүшесі:

Мен өз кезегімде жас кеңесінің құрамына кірдім. Осы бөлімдердің сапалы жүзеге асуына бірге қызмет атқаратын болады.

Саяси кеңес бюросының отырысында аймақ басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Облыстық филиалдық төрағасына бекітілген жоспарға сәйкес өңірдік қоғамдық кеңестердің жұмысын тиімді етуге,  2021 жылға қалалық, аудандық қоғамдық кеңестердің жұмыстарының жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Бұл партиялық кеңестердің форматы алғаш рет құрылды. Атқарған істердің тиімді әрі нақты жүзеге асуына бағытталған.

Айта кетейік, осы құрылған кеңестер 5 жыл бойы ағымдағы сайлауалды бағдарламада бекітілген  сұрақтардың шешулі жолында жұмыс жасайды.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
17:05, 12 мамыр 2021
XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...