ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНҒАН 30 КІТАП

19:16, 18 қаңтар 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқудың маңызды, әрі пайдалы екенін әлеуметтік желілерде тағы бір мәрте еске салды. Мемлекет басшысы бос уақытта оқу үшін 30 кітаптың тізімін жариялады. Бұл бастаманы павлодарлықтар толығымен қолдап отыр. Біздің жерлестеріміз ұсынылған кітаптың біразын оқып, алған әсерлерімен бөлісті.

Қоғам қайраткері Александр Рюмкин, ЖОО ректоры Мейрам Бегентаев және филология ғылымдарының кандидаты Айман Зейнулина  оқыған кітаптары туралы әсерімен бөліскен хабар эфирге жол тартты. Олардың қатысуымен өткен «Бірінші студия» бағдарламасын жұмыс күндері көре аласыздар. Ел президенті ұсынып отырған кітаптар арасында Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты туындысы бар.

Светлана Гладышева, павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

Цифрландыру дәуіріне қарамастан, біз адамдар арасындағы қарым-қатынасты сақтауымыз керек. Сонымен қатар рухани, адамгершілік, интеллектуалды бай адам болу керек. Әрине, Абайдың кітаптары туралы да айту керек. Президент бұл кітаптарды барлық жастағы адамдарға оқуды ұсынып отыр. Жеке мен үшін, негізінен, оқуды ұнататын адам үшін, Президенттің Ремаркты да атап өткені маңызды болды. Себебі бұл кітаптар біздің рухани идеологиямызды қалыптастырады.

Мемлекет басшысы оқуға кеңес берген кітаптар тізімінде әлемдік бестселлерлер, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік авторлардың еңбектері бар. Айтып өтейік, мемлекет басшысы ұсынып отырған оқулықтар бойынша пікірлерді жұмыс күндері Ертіс арнасының «Бірінші студия» бағдарламасынан кейін тамашалай аласыздар.

 

Гауһар МҰСА, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...