ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

19:58, 29 желтоқсан 2020

Павлодар қаласындағы Затон шағын ауданында жаңа мектеп ашылды. Білім беру ошағына Мұзафар Әлімбаевтың есімі берілді. 600 орынға шақталған оқу ордасы «Заманауи мектеп» жобасы аясында жүзеге асты. Ашылу салтанатына өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қатысты.

Жаңа мектептің құрылысы өткен жылы басталған еді. Міне биыл жаңа жыл қарсаңында көпті қуантып ашылып отыр. Айта кетсек, 350 орындық негізгі ғимараттан және қосымша нысаннан тұрады. Жалпы білім ордасында бір ауысымда 600 ден астам оқушы білім ала алады. Жаңа мектепке аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов келіп, жағдаймен танысты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Осындай керемет заманына сай мектеп бірінші мәрте олюблыс орталығында болып отыр. Ауыз толтыруға болады. әр хабарды, әр кабинеті толып отыр. Тезірек дәстүрлі түрде оқуды тілеп отырмын.

Су жаңа білім ошағы заманауи жиһазбен және техникамен қамтылған. Кең әрі ашық түстерге толы ғимаратта асхана, 420 мың кітабы бар кітапхана мен Мұзафар Әлімбаевтың мұражайы бар.

Қуаныш Қыдыралин, білім беру бөлімі басшысының орынбасары:

Жалпы енді мектептің ерекшілктеріне тоқталатын болсақ. Құрылғылар мен платформалар орнатылған. Оқушылар ас ішіп болғаннан кейін, сапасын сауалнамадан өте алады. Мектепке түсуге мүмикіндігі бар.

Мектепте оқушылардың заманауи стандарттарға сай білім алуына, ұстаздардың ешбір кедергісіз жұмыс жасауына барлық  жағдайлар жасалған.  Айта кетейік, Жоба құны 1 млрд теңгеден асады. Облыс әкімі оқушыларға 20 жұп шаңғы мен коньки сыйлады.Айта кетейік, осыған дейін жергілікті билік өкілдері бұл мектепке жақын маңдағы 13 мектептің 5-ші, 11-ші сынып оқушылары ауысатындығын айтқан еді.   

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...