ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

19:32, 9 желтоқсан 2020

Павлодар қаласында жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асып келеді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» арқылы 345 жоба қолдау тапты. Алайда шаһарда жылумен қамту, көшелерді жарықтандыру мәселелері бар.

10 айдың қорытындысы бойынша облыс орталығында өнеркәсіптік өндіріс пен саудадан басқа көптеген макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді, деді қала әкімі Ержан Имансләм.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Өндіріс ошақтары 664,8 млрд. теңгенің өнімін шығарды, физикалық индекс жүктемелігі сәйкес кезеңдегі көрсеткішке - 97,3%.   Өндірістік бағытта біз  қалаған жетістіктерге жетпесек те, азық-түлік, машина жасау, металл құрылғыларды дайындау бағытында көрсеткіш арта түсті.

Бүгінде «Павлодар» Арнайы Экономикалық аймағында жалпы инвестициялық көлемі 75 млрд. теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылды, 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорындармен 31 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Қала бойынша 8 ірі инвестициялық жоба іске қосылуда. Одан бөлек, Павлодар қаласында мемлекеттік бағдарламалар да жүзеге асып келеді.  Мәселен, «Бизнестің жол картасы» аясында 345 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Жыл басынан бері 8 көпқабатты үй қолданысқа берілді. 

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Жыл басынан бері 109 мың 700 шаршы метр болатын тұрғын қолданысқа берілді. 8 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталды. Олар Сарыарқада 3 үй, Достықта 2 үй, жеке инвестициялармен тағы 3 үй бой көтерді. Қазір 9 көпқабатты үйдің құрылысы жалғасып жатыр.

Сонымен қатар,  жылумен қамту мәселесі қазір қызу талқыға түсіп жатыр. Жақында ғана 1-жылу энерго орталығында болған аппаттан кейін қаланың кейбір үйлерінде әлі жылу толық берілмеген. Әлеуметтік желідегі толассыз жазбалалар мен шағымдар оның дәлелі. Осы ретте шаһар басшысы жағдайдың реттеліп келе жатқанын айтты. 

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Иә, шынымен 47 үйде жылумен мәселе бары анықталды. Кеше 18 үй болды. Күні бойы түрлі шаралар қолға алынды. Қосымша тағы мекенжайлар шығып жатыр. Олар бойынша тұрғын үй инспекциясына әр үймен, подъезбен жұмыс жасау тапсырмасы берілді. Бұл бойынша құрылған топтар жұмыс жасап жатыр.

Бұдан бөлек, аулаішілік аумақтарды, қала көшелерін жарықтандыру сөз қозғалды.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Көшелерді жарықтандыру бойынша айтсақ, 12500 жарықшамдар орнатылуы тиіс еді. Мердігер компания мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында осы міндеттерді мойнына алған еді. Тергеу шаралары кезінде 2000 жарықшамнын, 10250 контроллерлар, 12 мыңдай шкафтардың  жеткізілмегені белгілі болды. жағдай бақылауға алынды.

Жылдың соңына дейін қалыпқа келтіру жұмыстар жалғасып жатыр. Ал, «Жұмыспен қамтудың  жол картасы» арқылы биыл 2 мыңнан аса жарықшам орнатылды.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...