ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

19:44, 5 қаңтар 2021

Партиялардың сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының 8-ші жұлдызына дейін сайлауға қатысатын партия мүшелері халыққа бағдарламаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады. Уақыттың аздығына қарамастан үміткерлер шабыстарын бәсеңсітер емес. Адал, Ақжол, Ауыл партияларынының атынан сынға түсетіндер бүгін бірнеше ұйым өкілдерімен кездесіп, сайлауалды тұжырымдамаларын түсіндірді.

АУЫЛ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Ауыл партиясының алға қойған негізгі міндеті - ауылды жерлердің әл-ауқатын көтеру.  Сайлауалды бағдарламалары да осыған бағытталып отыр. Бүгінгі ауқымды жиын барысында партияның әр мүшесі өз позицияларын айтып, елді-мекендердің дамуына қандай жағдай жасалынуы керектігін тілге тиек етті.

Дәулет Шабанбай, олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

Ауылымыз өседі Ин ша Алла.

Ауылдықтардың айтуынша, қазіргі уақытта ауылдық жердегі тұрғындар санын сақтап қалу керек. Себебі, не бір дүлдүлдер мен бұлбұлдар ауылдан шығады. Осы бағыттағы жұмыстар қаңтар айының 8-ші жұлдызына дейін жалғасатын болады.

 

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ІРІ КӘСІПОРЫНҒА БАРДЫ

«Ақжол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Павлодардағы ірі кәсіпорындарға барып, жұмысшылармен кездесті. «Жаңа Роса» серіктестігінде өндірістегі жұмыс орындарының жағдайымен танысып, ұжымның әлеуметтік тұрғыдан қорғалу мүмкіндіктері талқыланды. Әсіресе кәсіпорынның негізгі жүмысы дайын өнім шығаруды тоқтатпаудың жолдарын дамытуға баса назар аударылды.

Фуат Сатыбаев, «АҚЖОЛ» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы:

Салық пайызын азайту керек. Ең төменгі төлемді көтеру керек. Қазір 40 мың  деген адамның күнкөрісіне жете бермейді. Ал, үй алу және басқа мәселелелер артта қалады. Еңбекақы60-70 мыңнан төмен болмауы керек.

Кездесуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту, шекараға жақын елді мекендерден тұрғындардың көшуін тоқтату, салық және несиелік өсімдерді азайту мәселелері көтерілді.   

 

АДАЛ ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Адал партиясының өкілдері облыс ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиында бірқатар мәселелер талқыланып, партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Сонымен қатар, өңір ардагерлеріне аталмыш ұйымның сайты таныстырылып, елді бірлікке бастайтын бес бағыт жайлы баяндалды.

Райхангүл Абыраева, «АDAL» партиясының мүшесі:

Бүгінгі кездесу осы Павлодар облыстық адал партиясының жаңағы штабының жалпы кандидаттыққа үміткерлердің осы жергілікті облыстық және қалалық ардагерлер кеңесімен кездесу. Мынау бізде қазір науқан жүріп жатыр сайлауға қатысты, сайлау алды науқан. Сол себепті осы жергілікті ақсақалдар кеңесіне партияның бағдарламасын таныстыру және сайтын таныстыру, жалпы қандай өзекті проблеммалар бар, соларды талқылау.

Аталмыш партияның тұжырымдамасы 5 бағыттан тұрады. Әсресе әлеуметтік бағытқа көп мән берілген. Атап өту керек, Адал партиясының атынан облыстық мәлихат депутаттығына 4, қалалық деңгейде 3, ал әр ауданнан 2  үміткерден өтінім берген.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...