ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ӨҢІРГЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

09:46, 22 қаңтар 2020

Мемлекет басшысының жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Өңірдің жаңа басшысын облыс активіне Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Асқар Мамин таныстырды.

Үкімет басшысы алдымен жаңа әкімнің кандидатурасын облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттарға таныстырып, келісімін алды. Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов, 1974 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауданында өмірге келген. 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, артынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамды. Еңбек жолын қазіргі Тереңкөл ауданынан бастаған.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Еңбек жолын Павлодар облысының Қашыр ауданында совхоз жұмысшысы болып бастаған. Павлодар облысының түрлі салық органдарында жұмыс істеген. Қостанай облысы салық департаментінің басшысы, Қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

2016 жылдың 1-желтоқсанынан 2019 жылдың сәуір айына дейін Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымын атқарды. Әкім боларға дейінгі соңғы қызмет орны, Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің төрағасы. Жаңа әкімнің кадидатурасын депутаттар бір ауыздан қолдады. Бұдан кейін жаңа әкім облыс активіне таныстырылып, осы жерде Әбілқайыр Сқақов, өзіне артылған сенімді адал атқаруға уәде беріп, Елбасына және Мемлекет басшысына сенім білдіргені үшін алғысын айтты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қадірлі жерлестер, Елбасы қолдауымен Мемлекет басшысының жарлығымен маған жоғары сенім білдірілді. Сіздермен бірге туған жерімде алдымызға қойылған мақсаттарды бірігіп орындаймыз деп, сенім білдіремін. Қолдағандарыңызға рақмет.

Бұдан өзге, Әбілқайыр Сқақов, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтынан бакалавр-заңгер мамандығы бойынша білім алып, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің іскерлік әкімшілік шебері дәрежесін аяқтаған.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ


 

Тақырып бойынша материалдар

ӘКІМ ШАҒЫН АУДАНДАРДАҒЫ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
11:16, 17 ақпан 2020
ӘКІМ ШАҒЫН АУДАНДАРДАҒЫ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...