ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

19:34, 12 наурыз 2021

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында болып, олардың жұмыс жоспарларымен танысты. Павлодар колледждерінің бірінде пластиктен жасалған бұйымдар өндірісі іске қосылмақ.

Химия-механикалық колледжде аймақ басшысы химия кластері кәсіпорындарына қажетті мамандар даярлау барысымен танысты. Оқу орны студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа орналасатын "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС, "Каустик" АҚ және басқа да зауыттар, кәсіпорындармен ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді. Колледжде қызметтерін павлодарлық кәсіпорындар пайдаланатын бірнеше сертификатталған зертхана жұмыс істейді.

2013 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан біздің технопаркта биылдан бастап жұмыскерлерді "Жас маман" бағдарламасы бойынша даярлаймыз, - деп хабарлады оқу орнының басшысы Гүлнар Аманжолова. Мұнда студенттер теориялық білім алып, слесарлық және механикалық практикадан өтеді. Олар машинистер, аппаратшылар және жөндеуші слесарьлар мамандықтарын меңгеріп, кез келген өндіріске шыға алады.

Енді колледжде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пластиктен жасалған бұйымдар өндірісін бастауға болатын ресурстық орталық іске қосылмақ. Әріптес инвестор қажетті құрал-жабдықтарды орнатып, оның негізінде тәрбиеленушілерді оқытуға дайын. Әбілқайыр Сқақов жобаға қолдау көрсетілетінін айтты.

Әбілқайыр Сқақов, павлодар облысының әкімі:

Мұндай жобалар білім беру жүйесінің, бизнес-құрылымдар мен биліктің бірлесіп жұмыс жасағанының нәтижесі. Жобаны тезірек іске қосу үшін «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын үшінші серіктес ретінде тартуға болады. Өзара іс-қимылдың бюрократиялық кедергілерді болдырмайтын үлгісін құру қажет. Нақты идея, ең бастысы – механизмді пысықтау.
Ақпараттық технологиялар колледжінде облыс әкіміне «TEKRI» компаниясы шығаратын виртуалды шындық негізінде жасалған тренажерлер көрсетілді. Оқу орнының түлегі Роман Киселев құрылуына өзі атсалысқан «Беларус» тракторын құрастыру және бөлшектеу интерактивті модулін көрсетті. Өңір басшысы заманауи ауыл шаруашылығы техникасын басқаруды үйрету үшін осындай технологияларды енгізуді ұсынды.

Әбілқайыр Сқақов, павлодар облысының әкімі:

Біздің аграрийлер осы жұмысқа Грузия, Украина және Беларусь мамандарын шақыруға мәжбүр, себебі бізде дайын адамдарды таба алмай отыр. Жергілікті механизаторлардың жаңа үлгідегі ауыл шаруашылығы машиналарын меңгеруі үшін тренажерде дайындықтан өтуге мүмкіндіктер туындаса, жақсы болар еді.

Сондай-ақ, әкім ақпараттық технологиялар колледжінің шеберханаларында болып қайтты. Онда студенттер бағдарламалауды, робототехниканы және 3D модельдеуді тәжірибе жүзінде меңгереді. Өңір басшысына оқу орнының негізінде IT-хаб құрылатыны жеткізілді.

Серік Жартыбаев, ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы:

IT-хаб бизнес-инкубатордан, құзыреттер орталығынан, кәсіби бағдарлау және мансап орталығынан құралмақ. Сонымен қатар, біз мүгедектігі бар оқушылар үшін қолжетімді орта құрғымыз келеді. IT-хаб жұмысына қажетті оқытушылар құрамы бізде бар.

Электроника және коммуникациялардың жоғары колледжінде аймақ басшысы ұтқыр робототехника, пилотсыз ұшу аппараттарын басқару, электроника және т.б. зертханаларында болды. Оқу орнында студенттер талшықты-оптикалық желілерді монтаждаудағы тәжірибе жинақтайтын «полигон» жұмыс істейді. Бұл оқушылардың өндіріске шығу кезіндегі мүмкіндіктерін арттырады. Колледж түлектері жергілікті ірі телекоммуникация кәсіпорындары тарапынан сұранысқа ие.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
17:05, 12 мамыр 2021
XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...