ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТ СОММАСЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

18:22, 22 сәуір 2021

Ертіс өңірінде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібінде бірінші болып 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеттегі өзгерістер талқыланды. Қосымша қаражат қайда жұмсалады? Осы және өзге сұрақтардың жауабын алдағы сюжеттен көріңіздер.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді. Осылайша, мемлекет қазынасындағы қаражат мөлшері 27,6 мрлд теңгеге өсіп, жалпы 342 млрд 300 млн теңгені құрады.

Ирина Назарчук, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында облыстық мемлекеттік органдардың көлік, әкімшілік шығыстары 92 млн-ға оңтайландырылды. Білім беру жүйесіндегі қосымша мәселелерді шешуге ерекше назар аударылды. Бұл мақсатқа 7 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Биыл "Заманауи мектеп"жобасы жалғасатын болады. Ақсу және Павлодар қалаларындағы 6 мектепті жабдықтауға 3 млрд бөлінген. Сондай-ақ, полиция бөлімшелерін жабдықтауға 932 млн доспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығын дамытуға да басымдық беріледі. Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға 367 млн теңгеге субсидия жұмсау жоспарланып отыр.  Мемлекет басшысының орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде уақытша орын құру көзделген. Бұған шамамен 60 миллион теңге қарастырылған. Сонымен қатар, жалпы сомасы 17 млрд теңге болатын қосымша жобалар тізімі құрылды. Нәтижесінде, бюджет 1,5 есеге артып, 53,5 млрд теңгені құрады. Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері қолдау білдірді.

Болат Аманжолов, облыстық мәслихаттың депутаты:

Тұрақты комиссия мүшелері білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы саласындағы мәселелерді шешуге қаражат бөлуді қолдады. Енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, нақтыланған облыстық бюджеттің көлемі 342,3 млрд теңгені құрайды.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов ұсынылған барлық жобалардың маңызы бар екендігін атап өтті. Оларды жүзеге асыру үшін қосымша кіріс көздерін жинақтау қажет.

Әбілқайыр Сқақов, павлодар облысының әкімі:

Біз бюджет қаражатын жұмсау жоспарын нақты  зерттеп шықтық. Жыл соңына дейін тәуекелдер мен ықтимал түсімдерді ескере отырып, барлық кірістерге талдау жүргізілді.  Нәтижесінде шамамен 10 млрд теңге кіріс анықталды. Біз жоспарлауға, бюджетке түсуге деген көзқарасты қайта қарадық. Оларды бағалау бірінші тоқсанда жоспарланған кезеңдегі қосымша түсімдердің максималды көлемін ескеруге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, жалпы сомасы шамамен 15 млрд теңгеге бағалы қағаздар шығарудан түсетін түсімдер мәселесі пысықталды. Барлық көздерді ескере отырып, облыстық бюджет көлемі 30 млрд теңгеге немесе бекітілген бюджеттен 10% - ға артады.

Айта кетейік, негізгі шығындар 3 мектепті күрделі жөндеуге және 35 мектепті жабдықтауға, 7 тұрғын үйді тұрғызуға, жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасының 19 жобасын іске асыруға және Усолка, Саяжай және Затон шағын аудандарын жылумен қамтамасыз ететін жаңа жылу магистралінің құрылысына жұмсалады.

 

Қуандық Танабас, Ринат Абдулкаюмов

 

Тақырып бойынша материалдар

XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
17:05, 12 мамыр 2021
XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...