ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

18:23, 21 қаңтар 2021

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Айдар Тастеміров Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры 2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне жүргізген мониторинг нәтижелерімен таныстырды. Зерттеу тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізу, сондай-ақ «Ашық диалог» порталындағы шағымдар негізінде жасалған.

Халыққа жүргізілген сауалнама нәтижелері мемлекеттік органдарға жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа тап болған адамдардың үлесі 11,3%-ды құрағанын көрсетті. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,1%-ға төмендеген.

Айдар Тастеміров, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды аяқтауға негіз жоқ деп есептейміз. Одан әрі жұмысты күшейту керек. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, зерттеу нәтижелері өңірдің мемлекеттік органдарының жұмысына қабылданатын болады. Аймақ басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекеттік бағдарламалар аясында ақша жұмсау жөніндегі қоғамдық бақылау институты маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мәселені талқылау және қарау қорытындысы бойынша, мынандай тапсырмалар беремін. Облыстың жұмыспен қамтуды және үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалардың басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері мемлекеттік қызмет көрсету стендарттары мен рәсімдері туралы ақпаратты қолжетімділігін қамтамасыз етсін. Жұмыспен қамту орталықтары оларды қатаң бақылау үшін. Азаматтарың құқықтары мен жауапкершіліктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізсін. Жұмыспен қамту орталықтарын цифрландару бойынша шаралар қабылдансын. Сондай-ақ, қала аудан әкімдері қоғамдық бақылауды белсенді жүргізуі қажет.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...