ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

NUR OTAN ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХ-ШЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

21:10, 18 қараша 2020

Естай атындағы мәдениет ошағында облыстық нұр отын пвртиясының кезектен тыс конференциясы өтті. Нақтыласақ 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келген партияішілік сайлау қорытындыланды. Тартысты додада суырылып алға шыққандар кім?

Праймериздің негізгі мақсаты - ел болашағын ойлайтын жігерлі жастар мен халық мүддесі үшін еңбек ететін қызметкерлерді анықтау. Айта кету керек, партияішілік сайлауға қатысқандардың 44 пайызы нәзік жандылар қауымы болды. Ал, 33%-ы 35 жасқа дейінгі жастардан құралды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі

Партияішілік сайлаудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұған 500-ден астам партия мүшелері қатысты. Олардың арасында жастар мен әйелдер қауымы да бар. Сонымен қатар өтінім бергендердің арасында 66 депутат та болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 40 адам ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Қорытынды конференцияда 16 үміткер пікір сайысқа түсті. Әрқайсысы өзінің сайлау алды бағдарламасын түсіндірді. Қойылатын талаптар әдеттегідей. Әр үміткерге 3 минут уақыт беріледі. Сұрақ-жауап кезеңі де осындай. Сырт көзге барлық үміткер жеңіс тұғырынан көрінуге лайықты. Бірақ, жүзден жүйрік қана мәре сызығын сеніммен аттайды. Айта кетейік, қорытынды жиынға сан саланың мамандары өткен. Әзірлеген бағдарламалары да тек елдің дамуына бағытталатынын аңғаруға болады. Бірақ, мәслихаттың депутаттығына тек 4 үміткер ғана өтеді. Солардың бірі Тереңкөл аудандық Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Айтышев.

Данияр Айтышев, Тереңкөл аудандық «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

Мен қалада туып өскен жігітпін. Оқуымды аяқтаған соң ауылға барып қызмет еттім. Осымен 4-ші жыл қатарынан ауылды жерде еңбек етіп жатқандықтан ауылдың проблеммаларын білемін. Сайлауалды бағдарламда солардың барлығын көрсеткен болатынмын. Сонымен қатар жастарға қатысты тақырыптарды да қозғаймын.

Сонымен қатар бабы мен, бағы қаттар шапқандар арасында Павлодар ауданының әкімі Жанат Шұғаев, жеке кәсіпкер Гүлнар Қайдарова және Халық банкі Павлодар облыстық филиалының басшысы Анатолий Бойчин. Бұл азаматтар парламент мәжілісінің депутаттығына өтеді. Ал, қалған азаматтар өңірдің дамуына үлес қосады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...