ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ»

20:04, 21 желтоқсан 2020

Павлодарда «Менің туым – Менің Отаным» акциясы өтті. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 29-жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған.

Тәуелсіздік мерекесі әрбір қазақстандық үшін мәні зор, ерекше қуанышты күн. Дәл осы күні көптеген отандандастарымыз еліне деген сүйіспеншілігін білдіріп, түрлі шаралар өткізеді. Мәселен, тәуелсіздік күніне бір апта қалғанда павлодарлық оқушылар «Менің туым – Менің Отаным» науқанын бастады. Ол үшін өз үйлерінің терезелеріне мемлекеттік туды іліп қойған. Ал, дәл 16-желтоқсан күні акцияға қосылғандар саны артқан. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Ломов көшесі қиылысында белсенді жастар көк байрақты желбіретіп, ұрандатқан.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

«Менің туым – Менің Отаным» ауқымды акциясына белсенді қатысып жатырмыз. Осылайша патриоттық сезімімізді білдіріп, отанымызға деген сүйіспеншілігімізді дәлелдегіміз келеді. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймыз!

Қатысушылардың көтеріңкі көңіл күйі мен белсенділігі өтіп бара жатқан адамдарды тәнті қылды. Қуанышты шараны көрген павлодарлықтар бір сәт тоқтап, тіпті қатарға қосылды.

Алёна Усова, қала тұрғыны:

Мереке құтты болсын. Бұл өте керемет мереке. Шараға атсалысқан әрбір адам өз отанын шексіз жақсы көреді. Мен де Қазақстанды жақсы көремін. Бәріне зор денсаулық тілеймін.

Патриоттық шара соңында павлодарлықтар үлкен 6 метрлік мемелкеттік туды көкке көтерді. Атап өтері, акция барысында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.

 

Мөлдір ҚҰРЫМБАЙ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...