ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

20:19, 24 желтоқсан 2020

Биыл Успен ауданы Таволжан ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында су құбыры тартылды. Сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Бұл туралы онлайн брифингте аудан әкімі Николай Дычко айтып берді.

Успен ауданында мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асып жатыр. Жолдар жөнделіп, әлеуметтік маңызды  нысандар қалыпқа келтіріліп, тұрғындар жұмыспен қамтылды.

Николай Дычко, Успен ауданының әкімі:

Успен және Галицкое ауылдарында ұзындығы 8,9 шақырым, жалпы құны 228 млн теңге болатын жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.  7 әлеуметтік нысан  жөнделді, оның ішінде №2 Успен мектебі, «Балдырған» балалар орталығы, спорт мектеп, аудандық аурухана, Успен ауылындағы амбулатория, клуб пен мектеп бар. 

Келер жылы Константиновка ауылында 119 млн теңгеге бөбектер бақшасын жөндеу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қосымша білім беру топтарын ашуға мүмкіндік береді. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Таволжан ауылына су құбыры тартылды.

Николай Дычко, Успен ауданының әкімі:

Ағымдағы жылы жиын жалпы 114,8 мың тоннаны құрады. Гектарынан орта есеппен 7,5 центнер өнім жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырған көрсеткіштен төмен. Жағдай ауа райы қолйсыздығымен байланысты.   

Ауданда мал шаруашылығы жақсы дамып жатыр. Мәселен, Константиновкада шаруа қожалығы түйе өсірумен айналысады.

Николай Дычко,  Успен ауданының әкімі

Тіпті шұбат сусыны өндіріледі. Әзірге көлемі аз, алайда алдағы уақытта өндірісті толық қолға алмақ. Бізде қазіргі уақытта 20 шақты түйе бар. Келер жылы олардың саны артады деп отырмыз.     

Ауданда эпидахуал көңіл көншітпейді. Бүгінгі таңда елдімекенде коронавируспен 194 жағдай тіркелген. Аудан әкімінің сөзінше, қазір жағдай тұрақталды.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...