ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӨЛІК ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

19:47, 10 желтоқсан 2020

Павлодарда үйлердің маңындағы дүкендердің орнына балалар және спорт алаңдары салынады. Бұл туралы онлайн брифингте шаһар басшысы Ержан Иманслям айтқан еді. Сонымен қатар, қоғамдық көлік тасымалдаушыларымен туындаған мәселе де жақында шешімін табатын болады.

Павлодарда қоғамдық көлік тасымалдаушыларына азаматтардың он санаты бойынша өтемақы төленеді. Қазіргі таңда тасымалдаушылардың барлығын жалақыға ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Қоғамдық көліктерге жүктеме өте үлкен. Демалыс күндері олар жұмыс істемейді, ал жұмыс күндері көпшілігіміз қашықтықтан жұмыс істеп және мектеп оқушылары да қашықтан білім алғанына байланысты жолаушылар ағыны төмендеді. Оған қоса, біз әлеуметтік қашықтықты сақтауды талап етеміз. Бұрынғыдай автобустар жолаушыларды толтырып жүре алмайды.

Нақты 21, 22 және 10 автобус бағыттары бойынша айтсақ, олар маршруттардан шықты. Әр бағытта 12 автобус қызмет көрсеткен. Көліктердің 70 пайызы алынып тасталса, 30 пайызы қозғалысты жалғастыруда.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Бүгінгі күні ең төменгі жалдау ақысы болғанына байланысты автобус паркі бұдан былай жалдау ақысын төмендете алмайды. Тағы бір талап - бәрін жалақыға ауыстыру. Егер біз автобус паркі мен трамвай басқармасының электрондық билеттеуіне көшуді пысықтасақ, онда келіп түскен ақшаның барлық көлемі ашық болады. Қазір тасымалдаушылар қол қою сатысында.  

Шаһар басшысы тасымалдаушыларға азаматтардың он санаты бойынша субсидия бойынша өтемақы төленетінін алға тартты. Автокөліктер Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар маршруттар шығынды жағдайда болғанда қаржыландыру, яғни субсидия төлеу міндетті болып саналады.  Сонымен қатар, қала әкімі Ержан Иманслям үй жанындағы дүкендер балалар және спорт алаңдарына ауысатынын жеткізді.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Хат жазғанбыз. Олар бізге қайтарып отыр. 37 жер учаскі қайтарылып отыр. Онда балалар алаңдарын, спорт алаңдарын салуды жоспарлап отырмыз.

Айта кетейік, осы үй маңындағы дүкендер жобасы бірқатар қиындықтармен   жүзеге асқан еді. 

  

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...