ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КЕМЕҢГЕР АУЫЛЫНДА 250 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

19:40, 21 желтоқсан 2020

Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында 250 орындық мектеп ашылды. Енді Павлодар ауданының ең ірі ауылдарының біріндегі мектептерде оқыту бір ауысымда жүргізіледі. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов білім ордасының жұмыс барысымен танысып қайтты.

Күрделі жөнделіп, қосымша ғимарат салынғаннан кейін бастауыш мектеп пайдалануға берілді. Оқу орны «Заманауи мектеп» жобасы бойынша жабдықталған. Ғимаратта 12 кабинет, акт және спорт залдары, кітапхана, асхана және медициналық блок бар. Бастауыш буыннан басқа, мұнда енді мектепалды даярлық курстары да жүргізілетін болады.

Сәуле Нұрғалиева, Павлодар ауданының білім беру бөлімі басшысының м.а.:

Кемеңгерде 350 орындық мектеп бар. Бірақ оның қуатттылығы тек екі ауысымда - таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеу үшін жеткілікті болған еді. Енді жоғарғы сыныптар да, бастауыш мектеп те бір ауысымда оқитын болады. Балалар жаңа мектепті көрді және олар қайтадан партаға отыру үшін карантиннің аяқталғанын асыға күтіп жүр.

Ғимарат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделді. Сыныптар қазақстандық өнімдермен толықтай жабдықталды. Атап айтқанда, Павлодарда жасалған жиһаздар сатып алынды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында біз әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қатысты көптеген мәселелерді шеше алдық. Отандық құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын, жиһаз және басқа да өнімдер шығаратын жергілікті өндірушілерді қолдауға мүмкіндік туды. Ортақ міндетті бірлесіп шештік.

Білім ордасына жасалған күрделі жөңдеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 147 млн 169 мың теңге бөлінген.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...