ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ

19:16, 15 қаңтар 2021

Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының алғашқы отырысы өтті. Халық қалаулыларының құрамы 75 пайызға жаңарып бір адамға толығыпты. Енді алдағы уақытта су жаңа 24 депутат шаһардың дамуына ат салысады. Саяси аламанда жүйрік атанып депутаттық мандатқа ие болған азаматтармен Гүлсара Мәлікова таныстырады.

Праймеризде бақ сынап, кейін бір ай бойы насихат жұмыстарымен айналысқан үміткерлер бүгін жайлы орындарына жайғасып халық қалаулысы деген мәртебелі атқа ие болды. Қалалық мәслихат құрамына енгендер қатарында кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер тәрізді түрлі сала өкілдері бар. Бірінші отырыста жаңа құрам жіті таныстырылып, депутат куәліктері мен төсбелгілер үлестірілді. Депутаттық мандат алғандардың 20-сы нұротандықтар, ал «Халықтық» пен «Ақ жолға» қалалық мәслихаттан 2 орыннан бұйырды. Жаңарған құрамның  орташа жасы 45. Ең жас депутат 29-да. Әйелдердің үлесі 30 пайыз. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып бірауыздан Сандуғаш Қалиева сайланды.  Сондай-ақ жиында тұрақты комиссиялардың құрамы мен олардың төрағалары тағайындалды. Жауапкершілік жүгі артылған халық қалаулылары өз жұмыстарына кірісіп кетті.

Гүлсара МӘЛІКОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...