ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

19:23, 23 сәуір 2021

Бүгін қала әкімі Ержан Имансләм облыс орталығы мен оған қарасты аумақтарда ағындағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған істер, әлеуметтік-экономикалық ахуал жайлы есеп берді. Ертіс телеарнасының тікелей эфирінде және әлеуметтік желі арқылы онлайн форматта ұйымдастырылған қорытынды жүздесуде қоғамда қордаланған тақырыптар талқыланды. Сұхбат барысында еркін сауал қойылды ма, халықтың шаһар басшысына нендей талап-тілегі бар? Жауабын келесі сюжеттен көрейік.

Гүлсара Мәлікова, тілші:

Дәл қазіргі сәтте шаһар басшысы Ержан Имансләмнің 2021 жылдың алғашқы 3 айын қорытындылаған жүздесуі аяқталып қалды. 2 сағат бойы тікелей эфирде өткен дидарласуда халық көкейінде жүрген  сұрағын қойып үлгерді. Ал жолданбай қалған сауалдарды қала басшысы әлеуметтік және  ватсап желісінде қабылдауға уәде берді.

Биылғы жылдың алғашқы үш айында әкімдікке тұрғындардан 2731 өтініш келіп түскен. Олардың басым бөлігі  - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала, шағын, орта бизнеске қатысты. Аталған тізімді бастап тұрған тақырып – тұрғын үйлердегі жылу мәселесі. Шаһар басшысы халықты толғандыратын бұл келеңсіздіктің биыл қайталанбайтынын  жеткізді. Жаңа жылу маусымына дейін желілердің гидравликалық сынақтары өткізіліп, ірі құрылыстарды жобалау және оларға жылу энергиясының жұмсалуы қатаң бақылауға алынады. НС-6 сорғыш станцияның және  4 шақырымдық ТМ-42 жылу магистралінің құрылысы да күзге дейін тәмамдалады. Осының бәрі тұрғын үйлерді жылумен қамту мәселесін шешеді.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының  әкімі:

Ағымдағы жылы Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойындағы магистралды су құбырын қайта жаңарту жоспарлануда. 2-Павлодар тұрғындарының орталық су құбырына қосылу мәселесі біз үшін басым мәселе болып табылады. Жоба үш кезеңге бөлінген: екі кезең іске асырылды жыл соңына дейін 3-ші кезеңнің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді және келесі жылдан бастап оны іске асыруға кірісеміз.

Ержан Имансләмұлы қаладағы құрылыс жұмысының да қарқынын бәсеңдемейтінін айтты. Жыл соңына дейін Павлодардың Сарыарқа және Достық мөлтек аудандарында жаңа 17 тұрғын үй берілмекші. Ал 15-мамырдан дәстүрлі гүл егу жұмыстары да басталады. Сондай-ақ, Усолка шағын ауданы жағалауының тұжырымдамасы әзірленуде. Күзге дейін 100 аула абаттандырылады. Мемлекеттік рәміздер алаңының және Благовещенск соборының саябақтарын биыл күрделі жөндеу күтіп тұр. Сондай-ақ, музыкалық колледж бен орталықтағы субұрқақтар да жаңартылмақ.  Шаһар басшысына студияға жолданған сауалдардан бөлек,  әлеуметтік желі, ватсап пен зум платформасы арқылы да сұрақтар үздіксіз жолданды.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының  әкімі:

Иә, шынымен, ол жерде жылу желісін салу бойынша жұмыстар жүргізген болатын. Осы жылдың мамыр айында «Нұрай строй» мердігерлік ұйымы жұмысқа кіріседі және шарттық міндеттемелерге сәйкес көшені асфальттайды.

Асыл Қабенова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Ержан Имансләмұлы, мен 10 баланың анасымын. Қиын қаржылық жағдайда отырмын. Сондықтан сізден көмек сұрап отырмын. Кез-келген көмекке қуанар едім.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының  әкімі:

Асыл, бюджеттен жекелеген санаттар бойынша көмек көзделген. Сондай-ақ,  Павлодар қаласында волонтерлік ұйымдар, клубтар жұмыс істейді. Біз сізге міндетті түрде көмек  көрсетеміз. 

Жүздесу барысында халық тарапынан жол, қоғамдық көлік, әлеуметтік жағдай,  спорт тәрізді жан-жақты саладан сауалдар жолданды. Ержан Имансләмұлы құай сұрақты болсын жауапсыз қалдырмайтынын жеткізді.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының  әкімі:

Қала әкімі  есеп берген екі сағат ішінде тікелей эфирде 20-дан астам сауал қойылды. Ал, уақытқа жетпей  қалған тақырыптар, алдағы уақытта қаралатын болады.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
17:05, 12 мамыр 2021
XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТ СОММАСЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
18:22, 22 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТ СОММАСЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...