ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

19:15, 1 ақпан 2021

Шаһар басшысы Ержан Имансләмнің қала тұрғындарымен есеп беру кездесуі онлайн форматта жалғасуда. Бұл жолғы есептік кездесуге Толстой көшесінен шаһардың оңтүстік бөлігінде тұратын тұрғындар қатысты. Жиында қандай мәселелер талқыланды? Келесі сюжеттен көрейік.

Алдымен Ержан Имансләм 2020 жылы атқарылған жұмыстар легін баяндады. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму барысына сан сала бойынша жеке тоқталып өтті. Әкім баяндамасынан кейін, тұрғындар толғандырған тақырыптарын ортаға салды. Алғашқы сұрақтардың бірі жазғы уақыттарда саяжай ықшам ауданында орнатылатын сауда павильондарына қатысты қойылды.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Иә, биылғы жылы біз сауда павильондарын былтырғы кесте бойынша орнатамыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл екінші Павлодар, химқалашығы, жаяу Мұса ықшам аудандарында орнатылады. Ол, сауда дүңгіршектері үшін салық төлеудің қажеті жоқ. Ал, тағы қай жерлерге қою керектігін жазғы маусым басталған кезде анықтайтын боламыз.

Соныман қатар, тұрғындарды Сарыарқа ықшам ауданында бұзылмай қалған екі қабатты тұрғын үйлердің жай-күйі алаңдатады. Солардың бірі Циолковский көшесі №20-шы үй.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Жоспар бойынша алюминстрой мөлтек ауданында Биыл Камзина 126, Камзина 128, Камзина 130, Циолковский 20, циолковкий 16 және Росковая 3,1 тағы бір Ломов көшесінде бір үй қалғаноларды биыл жоспарлап отырмыз. Олардың орынына біз көп қабатты, 9 қабатты үйлерді саламыз.

Баршаға мәлім, 2019 жылы авиақалашықтағы жаңадан салынған қос пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілген болатын. Бұдан басқа да тұрғындар өз күштерімен баспана салған еді. Ендігі мәселе, жеке тұрғын үй құрылысы-1 аумағында тас жол мен кәріз жүйелерінің жоқтығы.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Биылғы жылы біз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлдік. Бұл электр желілерін, су және кәріз жүйелеріне қатысты. Ал, жылу желілерін жасау әзірге жоспарда жоқ. Алдыңғыларын аяқтаған сол қолға аламыз.

Естеріңізге салып өтейік, бүгінгі шаһар басшысының есептік кездесуі Толстой көшесінен шаһардың оңтүстік бөлігінде, яғни, авиақалашықта тұратын тұрғындардың қатысуымен өтті. Онлайн жиында көтерілген барлық мәселелер биылғы жылы шешімін табады деп сендірді Ержан Иманслям.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...