ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

19:01, 26 қаңтар 2021

Шаһар басшысы Ержан Имансләм Зеленстрой ықшам ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Естеріңізге салып өтейік, кездесу зум платформасында онлайн режимде ұйымдастырылды. Әкімнің баяндамасынан кейін аудан тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойып, көңілге қонымды жауап алды.

Алдымен шаһар басшысы Ержан Имансләм баяндама жасады. 2020 жылды қысқаша қорытындылап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Баршаға мәлім, Павлодар – еліміздегі индустриалды аймақтар қатарында. Осы ретте өңірге инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасын тапты. Былтырғы жылы өндіріс көлемі 835,3 млн теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 98,4 пайызға өскен. Ал, Павлодар арнайы экономикалық аймағында 1500 жаңа жұмыс орынын қамтыған. 12 жоба жүзеге асырылған. Құйылған инвестицияның жалпы көлемі 80 млрд теңге.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Арнайы Экономикалық аймағында 12 жоба қолға алынды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 1500-нан астам жаңа жұмыс орыны құрылды. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың 5-і аяқталуға жақын.

Сонымен қатар, өңірдің аграрлық секторында да жаңалықтар көп. Бұл бағытта 3 млрд теңгеге 7 жоба іске асырылуда. Құрылған жаңа жұмыс орындары да бар.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету мақсатында аграрлық секторды және қайта өңдеу саласында 2020 жылы 3 млрд теңгеден астам соммаға 7 инвестициялық жобалар іске асырылды. 100-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды. 2021 жылға пайдалану мерзмі мен 2,2 млрд соммасымен тағы 7 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ал, былтырғы жылы коммуналдық бағыттағы жұмыстар қарғынды болғандығын көз көрді. 5,4 шақырым жылу желілері, 7 шақырым су құбыры мен кәріз жүйесі, сонымен қатар, 79,2 электер желілері қалыпқа келтірілді. 2021 жылы Зеленстрой шағын ауданында да орталықтандырылған кәріз жүйесін іске қосу жұмысы жоспарланып отыр. Бұған бюджеттен 1,9 млрд теңге қарастырылған. Ал, Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 1,5 млрд теңгеге ұзындығы 45 шақырым болатын тас жол төселген.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Зеленстрой шағын ауданындағы 6 көшеге қиыршық тас төселді. Сонымен қатар, 20 шақырымды құрайдын 12 көшені қалыпқа келтіру жоспарланып отыр. бұдан бөлек, шаһар аулаларына жалпы саны 2550 болатын жарық шамдар орнатылды.

Бұдан бөлек, басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған шаралар легі жетерлік. Қаланың 100 ауласына 100 ойын алаңы орнатылды. Мәдени бағыттағы шаралар да назардан тыс қалмады. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы ерекше аталып өтіп, алып ескерткіші бой көтерді. Алдағы уақытта Естай Беркімбайұлына ескерткіш ашу жоспарланып отыр. 

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

2020 жылды мемлекет басшысы еріктілер және еліміз үшін тарихи маңызы бар мерейтойлық оқиғалар жылы деп жариялады. Бұл ҚР Конституциясының 25 жылдығы. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы. 2000-нан астам мәдени іс шаралар өтізілді.

Ал, онлай форматтағы есеп беру кездесуінің екінші бөлімінде Ержан Имансләм қала тұрғындарының сауал-сұрақтарына құлақ түрді. ЗУМ-дағы конференция Зеленстрой тұрғындарына арналғандықтан, сауалдардың басым бөлігі аталмыш шағын ауданға қатысты қойылды.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

Біз Былтырғы жылы кәріз жүйелеріне қатысты бұдан басқа жұмыстарды жасаған жоқпыз. Біз тек әзірге 6 көшеге қиыршық тас жабынды төседік. Бұл Сұлтанов, Дөнентаев, Достық, Нұржанов, көшелері. Былтырғы жылы мен тұрғындармен кездескенде кәріз жүйесін жасаймыз деп айтқан болатынмын. Енді алдымен құбыр тартып аламыз. Кейін барып тас жабынды төселеді.

Иә, аталмыш аудандағы тұрғындардың басым бөлігі жер үйлерде тұрғандықтан кәріз және дренажды су жүйесінен мұқтаждық көріп отыр. Бұл жұмыстар 2021-2022 жылдары толығымен жасалынады,-дейді қала әкімі. Айта кету керек, Шаһар басшысының есеп беру кездесуі ақпан айының 10-шы жұлдызында жүргізіледі.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...