ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

19:37, 8 сәуір 2021

Ертіс өңірінде кадрлық ауыс-түйіс. Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып Динара Шаймұратова тағайындалды.

Динара Шаймұратова 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы технология және бизнес университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдап, 2017 жылы қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының салық органдарындағы қызметтерден бастады. 2000–2004 ж.ж. Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істеді. Осыдан кейінгі 17 жыл ішінде Динара Шаймұратова ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеп, онда бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі мен ішкі қаржы әкімшілік департаментінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап бүгінгі тағайындалуына дейін ҚР Қаржы министрлігінің жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментін басқарды.

Естеріңізде болса, жақында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалған еді. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларына жауапты болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
18:11, 3 наурыз 2021
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...