ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ЕЛ ҮМІТІ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

23:37, 15 желтоқсан 2020

«Ел үміті» бағдарламасының үш бағыты бойынша жеңімпаз атанған мектеп оқушыларын облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов марапаттады. Талантты жастардың әлеуетін дамыту үшін тағайындалған «El maqtanyshy», «Мың бала», «Елбасы медалі» сыйлығына ие болған білімгерлер жайлы келесі бейнематериалда.

Үш бағыт бойынша жүлденің қорытындысы шығарылып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мектеп оқушыларын облыс басшысы марапаттады.  Карантин талаптарына байланысты салтанатты шараға 9 бала қатысты, қалған 64 лауреат атанған білімгер онлайн қосылды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бүгін маңызды жоба үлкен қолдауға ие.  Дәл қазір менің қасымда  жобаға қатысқан облыстың талантты жастары отырғанына қуаныштымын. Облыс жастарының белсенді болғаны сонша мың бала ұлттық олимпиадасы 7 мыңнан аса оқушылар қатысты. 58 оқушы жеңімпаз атанып, оның екеуі республткалық физика-математика мектебіне, 17 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылыған мектептерге қабылданды. Елбасы меделі бағдарламасында мыңнан астам қатысушы бақтарын сынап, 55 оқушы қола медель алды.

«El maqtanyshy» сыйлығын химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Хайдар Қайырбек пен ұстазы Оразбай Асылбек  иеленді.

Хайдар Қайырбек, «El Maqtanyshy» сыйлығының иегері

Мен ел мақтанышы премиясын алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің Назарбаев ЗМ және барша облыс жұртшылығының жеісі деп ойлаймын. Мен 4 жыл қатарынан халықаралақ, республикалық олипиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Осы 4 жыл ішінде ұстаздарымның елімнің абыройын қорғауға тырыстым. 00:27++01:00 онымен қоса ел мақатанышы мен үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан болашақта ғылыми бағытта жұмыс істеп еліме өз үлесімді қосықым келеді.

Бұған қоса,  «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары да аталған шараға қатысты. «Ел үмітін» жеңіп алған Павлодар облысының 53 жас тұрғынына  Нұрсұлтан Назарбаев қорынан ноутбуктер берілді. Ал,  «Елбасы медаліне» өңіріміздің  14 оқушысы ие болды.

 

Гауһар МҰСА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...