ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

00:36, 31 желтоқсан 2020

Павлодардағы дағдарыс орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Бүгін орталықтың ашылу салтанатында қала әкімі Ержан Имансләм қызметкерлер мен кішкентай балақайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Шаһарымыздағы дағдарыс орталығы жылдар бойы аядай ғана ғимаратта жұмыс жасаған еді. Мәселе биыл шешімін тапты. Мамыр айында жаңа нысан беріліп, жөндеу жұмыстары басталды. Араға бірнеше ай өтті.  Бүгін ғимаратқа келген шаһар басшысы Ержан Иманслям жаңартылған орталықты аралады.

Ғимарат барлық материалдық-техникалық базамен қамтылған. Екі изолоятор жұмыс жасайды. Сондай-ақ, келушілер арнайы бөлімшелерге бөлінеді. Сонымен қатар, орталықта енді 15 бүлдіршінге шақталған балабақша да жұмыс жасайды. Жалпы, ғимаратты қалыпқа келтіруге, материалдық техникалық базамен қамту үшін 48 млн теңге бөлінді. Әр қызмет алушы орталықта өзін үйдегідей сезіне алады.  Айта кетейік, мереке қарсаңында қала басшысы орталыққа жаңа теледидар мен балаларға тәттілер сыйлады.  Естеріңізге салсақ, жаңа ғимарат 53 адамға шақталған. Қазір бұнда 20 бала мен 15 ана тұрады. Ал, бұрынғы ғимаратта отбасыларды қолдайтын, кеңес беру орталығы жұмыс жасайды.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...