ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАҒА БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

19:32, 28 желтоқсан 2020

Өңірдегі ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы бақылауда. Осы бағытта арнайы мониторингтік топ құрылған. Сонымен қатар, тауар бағасын көтермеу мақсатында сауда желілері мен фермерлер арасында өзара меморандумға қол қойылды.

Тауар бағасының өсуіне сауда желілері мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдар себеп,-дейді Асайын Байханов. Қазіргі таңда бұл тақырып тереңінен талқыланып жатыр. Тіпті, қоғам белсенділерінің басын біріктірген мониторингтік топ құрылған. Бағаны бір қалыпты ұстап тұру мақсатында тауар өндіруші фермерлер мен сауда желілерінің иелері өзара келісімге келіп, меморандумға қол қойды.

Асайын Байханов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Меморандумның негізгі басты нәрсесі ол – біздің фермерлер ауылшаруашылығының өндірушілері мен сауда желілерінің арасындағы тура келісімшарт. Оның арасындағы екі ортада жүрген делдалдарды жою. Соның арқасында бағаны арзандату. Сол мемарандум бойынша біз негізі картоп, сәбіз, қияр сондай тауарларды тура келісімшартқа отыруға шақырдық.

Келісімшарт жасалды. Тек, көлеңкеде қап кетпесе игі еді. Айта кету керек, күзде жиналған көкеністер көктемнің көрінісі көрінгенде қымбаттайтыны сөзсіз. Бұған бірден бір себеп, қордағы өнімнің азаюы.

Асайын Байханов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Мысалы күзде жиналған картоп болсын, не болсын азаяды. Сол кезде оның бағасы сәл көтерілуі мүмкін. Ол түсінікті нәрсе. Бірақ дәл осы желтоқсан айында ондай баға болуы мүмкін емес еді. Сондықтан біз соған араласып, сол комиссия арқылы бар сұрақтарды талқыладық.

Бұдан бөлек, осы өткен демалыстарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының сөредегі сүр етті сағынғандығы соншалық, сақылдақ сары аязды санадан шығарды. Мұны саудаға салынған тауар көлемінен аңғаруға болады.

Асайын Байханов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Түтас бас қара мал еті өтті. 1 тоннадан астам қияр өтті. Енді өткен тауарлардың бәрі көп. Жалпы менің ойымша біздің қарауымыз бойынша сенбі күні 90 пайыз адамдар келіп алатын тауарларын алды. Ал, жексенбі күні халық аздау болды.

Алдағы уақытта ауылшаруашылық жәрмеңкесінің өткізілу кестесі өзгереді,-дейді облыс әкімінің орынбасары. Жоспар бойынша жәрмеңке 6 рет өткізілуі тиіс еді. Енді тауар өндірушілер желтоқсан айының 30-да өнім ұсынатын болады. 

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...