ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ 90% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

19:38, 27 қаңтар 2021

Бүгін Шарбақты ауылдық округінің әкімі тұрғындардың алдында есеп берді. Дәстүрлі жүздесу биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты зум платформасында, қашықтықтан ұйымдастырылды. Кездесуде Шарбақты ауылының мың жарымнан аса тұрғынының тыныс-тіршілігі баяндалып, аудан әкімі орынбасарының есебі тыңдалды.

p style="text-align: justify;">Ауыл әкімі Талғат Қасеновтың айтуынша құрамына Шарбақты, Қосағаш және Жабағылы елді мекендері енген ауыл тұрғындарының ахуалы  жаман емес. 400-ге жуық шаңырақ өмір сүріп жатқан өлкеде бұл күні 57 шаруа қожалығы бар. 21 жеке кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр.  Өткен жылы «Таза су» бағдарламасы аясында үйлердің 90 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік бизнес гранттарына ие болғандар да бар. Аққулы ауданы әкімінің орынбасары  Руслан  Мұқанов та  ауыл халқының алдында есеп берді. Айтуынша, өткен жылы Аққулықтар үшін аз іс жасалмаған. Былтырғы жүздесу барысындағы айтылған халықтың өтініші орындалды. 

Руслан Мұқанов, Аққулы ауданы әкімінің орынбасары:

Баймолдин, Тақыр Қазантай ауылдарында ұялы байланыс үшін ұялы мұнаралар орнатылды. Қосағаш ауылының жолын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. сондай-ақ ауылдық жердлерді абаттандыру және жарықтандыру мәселелері шешілді.

Әкімдердің баяндамасынан кейін аудан тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойды.  

 

Гүлсара Мәлікова

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...