ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 11 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ

19:52, 25 желтоқсан 2020

Биыл Шарбақты ауданында 73 шақырым жол жөндеуден өткен. Елдімекенде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 11 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте аудан әкімі мәлімдеді.

Шарбақты ауданының халық саны 19 300. Аудан әкімі Әзілхан Әбеуовтың айтуынша тұрғындардың 90 пайызы таза суға қол жеткізіп отыр.  Өткен жылы ауданда 5 су құбыры жасалған. Биыл 9 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, халқы 200 ге жетпейтін 6 ауылда тіршілік нәрін тазалайтын  КБМ дар орнатылған. Бұдан бөлек Әзілхан Әбеуов ауданішілік жолдарды жөңдеу жұмыстарына да тоқталды.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

Жолдардың биылға біз 71,3 км жол жөндеп өткенекенбіз. Оның ішінде 11 км ауылішілік жолдарды жөндедік биылға, атқарылған жұмыстардың ішінде.  Ол улкен жоба бізде шарбақты ауылынан Галкин ауылна шейін 30 км жаңа жол салынды. Облыстық Павлодар қаласына дейін біхде 38 км жаңа жол жасалынды.

Бұған қоса «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 11 жоба жүзеге асырылды. Ол үшін бюджеттен 525 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, аудандағы 3 әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өткен.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

Біздің аудандық орталықта үлкен денешынықтыру кешені бар соның төбесін жөндедік. Соымен қатар бассейннің  кафелін ауыстырдық. Екі мектебіміз жөнделінді. Екі мәдени ғимараттарымыз жөнделіп отыр.

Бұдан бөлек, Шалдай ауылдық аумағында психо-неврологиялық диспансерге де жөндеу жұмыстары жасалған. Сокралды жер саналатын Ғабдулуахит хазірет кесенесіне жер асты электр сымы тартылды.  Келер жылы кесенеге барар жол жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

 

Гауһар МҰСА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...