ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«АСЫЛ МИРАС» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

19:29, 28 желтоқсан 2020

Павлодарда аутистік спектрдің аурулары бар балаларға арналған «Асыл Мирас» орталығы ашылды. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған орталықта қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Аутизмі бар балаларға заманауи мамандандырылған бағдарламалар бойынша қолдау көрсететін орталықтың ашылуын ең алдымен олардың ата-аналары күтті. Олар облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтан өңір тұрғындары алдында есеп беруі кезінде қолдау көрсетуін сұраған болатын. Мәселе қолға алынған кезде ғимаратты таңдауда қиындық туындады – ол ерекше балалармен жүргізілетін жұмыстың талабына сәйкес келуі керек еді. Дегенмен, мұндай үй-жай Павлодардағы Луначарский көшесі, 28 мекенжайы бойынша табылды. Жаңа орталықтың ғимараты ата-аналарға ұнады.

Әсия Сабыр, ата-ана:

Балама осы диагноз қойылғалы бері, өте көпке дейін өсті. Қаламызда тегін емдейтін орталық болмады. Сондықтан біз Астана, Алматыға барып, қаншама шығын болды.

Павлодарда «Асыл Мирас» аутизм орталығы Болат Өтемұратовтың қорымен бірлесіп ашылды. Қор бағдарламаларының бірі «Аутизм». Әлем баршаға ортақ» жобасы. Оның мақсаты – аутистік спектрдің аурулары бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Көп күткен оқиға. Павлодар облысында алғаш рет ашылып отыр. Әрине, біріншіден  Болат Өтемұратов қорына алғысымды білдіремін. Үлкен қолау жасап, әкімдікпен біргі қысқа уақыт ішінде осындай кабинеттің ашылуына үлес қосқаны үшін. Екіншіден,ата-аналарға, балаларға шыдамшыдық үшін алғыс айтамын. Осы мәселені үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам осы мәселені көтеріп, бүгін шешімге келіп отыр.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент және Петропавлда ашылған мұндай орталықтар қазір оң нәтиже беріп жатыр.

Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов қорының директоры:

Біздің орталықтарымыздың есігі барлық ата-аналар мен балалар үшін ашық. Мұнда ең озық әдістемелер бойынша дайындалған мамандар аутистік спектрдің бұзылуын тегін анықтайды және оны бейімдеу үшін жеке бағдарлама әзірлейді. Біздің барлық орталықтарымыз сабақтарды Калифорния университеті және Атлантадағы Marcus Autism Center әзірлеген америкалық әдіспен өткізеді. Бұл технологиялар өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біздің орталықтарға келген әр баланың дамуында ілгерілеушілік бар.

Жаңа орталықта диагностика кабинеті бар. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін «Джаспер» кабинеті жұмыс істейді, онда тәрбиеленушілердің базалық оқу және сөйлеу қабілеттері бағаланады. Бейімдеу кабинетінде қарым-қатынас жасау, сөз түсіну, өзіне-өзі қызмет көрсету және визуалды қабілеттер дамытылады. Қарқынды шаралар кабинетінде балалар ата-аналарымен бірге екі апталық өзара әрекеттесу курсынан өтеді. Сондай-ақ орталықта 8 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік бейімдеу сыныбы, ертеден қолдау кабинеті және сенсорлық бөлме бар. Орталық тәрбиеленушілеріне кешенді көмекті жоғары білікті мамандар тобы, яғни дефектолог, психолог, логопед көрсетеді. Орталық қызметкерлерінің біліктілігі үнемі арттырылып отырады, бастысы, ата-аналар балаларымен қарым-қатынас құруды үйренеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...