ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АППАРАТ ЖИЫНЫ

18:26, 1 наурыз 2021

Павлодар облысында өткен жылы үш ана өлімі тіркелді. Осылайша бес жылға жоспарланған мемлекеттік бағдарламаның бір индикаторы орындалмады. Жалпы, бағдарлама аясында аудандық ауруханалар мен медпункттер жөнделетін болады. Бұл туралы аймақ басшысының қатысуымен өткен аппарат жиынында мәлім болды.

Елімізде 2020-2025 жылдарға денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда. Аталмыш бағдарлама аймағымызда да  қарқынды жүзеге асып келеді, тек бір индикатор орындалмады.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Өткен жылдың нәтижесінде төрт мақсатты индикатордың біреуі жүзеге аспады. Ол ана өліміне байланысты. Өткен жылы облыс бойынша он бір мыңнан аса бала дүниеге келді. Көрсеткіш артты. Алайда, үш ана өлімі тіркелді. Ол Павлодарда Алмас медикал групп пен Екібастұздағы екі емханада анықталды.  Бұл бағытта арнайы жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл Павлодар облысында бес аудандық ауруханада, үш дәрігерлік амбулаторияда, бір медициналық пунктте  жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.  Бұдан бөлек, алдағы уақытта Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жаңа инфекциялық корпусының құрылысы аяқталады. Жаңа ғимарат алпыс орынға шақталады. Басқарма басшысы аймақта  кадр тапшылығы барын жасырмады. 

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Жыл сайын меұйымдардың басшылары  бос орындар жәрмеңкесіне барады. Негізі, Семейдің академиясымен жұмыс жасаймыз, келісімшарт бар. Одан бөлек, Түркістанға да жылда барамыз.  Сол жақтағы мамандар біздің аудандарға келеді. Жақында ғана бір маман Ақтоғай ауданына келді.

Осы ретте, облыс әкімі аузы күйген үрлеп ішеді демекші, бұрынғы қателіктерге бой алдырмай, алдымен мамандарды табу керектігін жекізді. 

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Кадр тапшылығы мәселесін шешу денсаулық сақтау саласында ең бірінші болып саналады. Біз қымбат құрылғыларды сатып, кейін онымен жұмыс істейтін адамдардың жоқ болған кезеңінен өттік.  Қазір алдымен маман мәселесін шешу керек, әйтпесе нәтиже болмайды.

Одан бөлек кеңейтілген отырыс барысында, біздің аймақта туберкулез көрсеткіші 45 пайыздан   38,7 пайызға  төмендегені айтылды. Алайда онконауқастардың саны бойынша облысымыз елде екінші орынға шыққан. Бұл ретте, Әбілқайыр Сқақов алдын ала анықтау скринингінің маңыздылығын айтты.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...