ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АППАРАТ ЖИЫНЫ

18:59, 2 ақпан 2021

Елімізде Павлодар облысы эпидемиологиялық жағдай бойынша көш бастап тұр. Ертіс өңірі әлі де қызыл аймақта. Инфекциялық төсектердің жүктемесі 38 пайызды құрайды. Осы және өзге де мәселелер Павлодар облыстық әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте қаралды.

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді қалпына келтіріп, жұртты жұмыспен қамту үшін негізгі жеті бағытты айқындап берді. Шағын және орта бизнесті қолдау – соның негізгісі. Жұртты жұмыспен қамту да басты назарда. Президент Денсаулық сақтау саласының ақсап тұрған тұстарына да тоқталды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қосымша шараларды енгізуді тапсырды.

Сәкен Шаяхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Өңіріміз әлі де қызыл аймақта. Сондықтан баршаңіызды санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтауға шақырамын. Осыған байланысты мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 30 қаңтар, сенбі күні түнгі уақытта, бильярд турнирі тоқтатылды. Караоке бар тәртіп бұзып, белгіленбеген уақытта жұмыс істеді.    Ақпаратты прокуратураға жібердік.

Облыстық бас санитарлық дәрігердің айтуынша, эпидемиологиялық жағдай облыстың аудан, қалаларында күрделе түсті.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері: 

Бірінші ақпандағы жағдай бойынша, эпидемиологиялық жағдайдың бағалануына сәйкес, облыстың 13 аймағының 12-і қызыл аймақта. Сары аймақта - Май ауданы. Облыс ішінде 40 елдімекен қызыл аймақта. Өткен аптада жұмыс тиімділігінің ең төменгі көрсеткіші - Железин, Ертіс, Аққулы аудандарында -3 балл. Екі өңірде - Екібастұз және Ақтоғай ауданында -2 балл. Тереңкөл және Май аудандарында - 1 балл.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Аурудың өсуі бойынша бар динамика үш қала, Железин, Аққулы және Тереңкөл аудандарында байқалады. Әкімдер қабылданып жатқан шаралар жайлы баяндауды сұраймын.

Ержан Иманслям, Павлодар қаласының әкімі:

Павлодар қаласында өткен тәулікте 152 оқиға. Олардың ішінде балалардың саны 25. Үш медицина қызметкері. 35 адам 65 жастан асқан азаматтар. Балбаақшалардың саны - 26. Кезекші топтар жабылды. Ауырып жатқан балалардың саны - 20. Балабақша қызметкерлері - 29.

Сонымен қатар, кездесуде коронавирус инфекциясына қарсы ерікті егу науқаны талқыланды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, өткен тәулікте 171 медицина қызметкері адам вакцина салдырған.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жалпы айтқанда, қазір бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, шектеу шаралары қабылданды. Осы талаптардың орындалуына назар аударуымыз керек.

Бұдан бөлек, алқалы жиында көтерілген тағы бір мәселе - мемлекеттік органдардағы мемлекеттіқ тілдің қолданылуы.

Самал Беғалиева,   мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Шығыс құжаттары 100 пайыз мемлекеттік тілде болғанымен, әлі де мемлекеттік органдарда құжаттарды әзірлеу кезінде қателіктер туындайды. Сонымен қатар, облыс, қала әкімдіктерінің ресми сайттарына мониторинг жүргізіліп, бірінші басшыларына кемшіліктерді жоб бойынша хаттар жолданады. Атап айтсақ, Аққулы ауданының жалпы бетіндегі ресми ақпарат орыс тілінде ғана жазылған. Тереңкөл ауданына қарасты құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атауы тек ресми тілде рәсімделген. Сондай-ақ, Павлодар ауданының кейбір ауылдық әкімдерінің өмір баяндары тек орыс тілінде жазылған.

Биылғы жылы мемелекеттік тілдің қолданысын арттыру мақсатында қала, аудан басшыларымен көптеген іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Бұған 81 млн, 71 мың теңге бөлінген.

 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...