ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АҚСУДА КӘСІПОРЫНДАР 393 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

19:39, 23 желтоқсан 2020

Ақсу қаласының әкімі 11 айдың қорытындысы бойынша онлайн брифингте есеп берді. Жиында шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтты. Қала басышысының айтуынша өндіріс көлемі артқан. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Ақсу моно қалалар қатарына жатады. Өйткені индустриялық – аграрлық бағыттары бар өңір. Даму әлеуеті жоғары ірі қалажа өнеркәсіп қарқынды дамыған. Шаһар басшысының айтуынша 11 айдың ішінде өндіріс көлемі артқан.

Балғабай Ыбыраев, Ақсу қаласының әкімі:

Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары 393 млрд тг өнімін өндірді. 2020 жылдың қортытындысы бойынша өндірілген электр энергиясының болжамды көлемі 102,4 пайыз. Немесе 41 млрд 700 млн  тг құрады. Тұрақты динамика байқалады. Негізгі капиталға салынған инвеститциялардың жалпы көлемі 13 млдр тг құрады.

Брифинг барысында білім саласы да қалыс қалмады. Жалпы, Ақсу қаласына қарайтын  ауылдық аймақтарда 26 мектеп бар. Қазір кейбірі штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.

Балғабай Ыбыраев, Ақсу қаласының әкімі:

26 Мектептің 3-уі штаттық режимде оқиды. Саут, спутник, Сольветка ауылдарында 79 бала. 15 ауылдық мектепте 962 оқушы 1-4 кезекші сыныптарда оқиды. 5-11 сынып аралығында 2437 оқушы қашақтықтан білім алуда. Қалалық 8 мектепте 1-11 сыныптарда сабақ қашықтықтан өткізіледі.

Бұған қоса, өңірде коронавируспен күрес үшін 98 медицина қызметкері тартылған. 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша шаһарда ана өлімі тіркелмеген. Сондай-ақ, туберкулез ауруына шалдыққандар саны азайған.  

 

Гауһар МҰСА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...