ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

18:51, 4 мамыр 2021

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар көшелерінің жағдайын тексерді. Облыс әкімі саябақ аймақтарын абаттандыру барысы мен желілердегі қысқы апаттардан кейін жолдардың қалпына келтіру қарқынын бағалап, жаңа жылу магистралінің құрылысын қадағалады.

Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау жанындағы орындықтарды, қоқыс жәшіктері мен плиталар боялып, жөнделе бастады. Сонымен қатар мердігер компания гүлзарларды дайындап, саябақты ретке келтіру жұмыстарын 9 мамырға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.Ертіс бойындағы қайық станциясы маңында Әбілқайыр Сқақовқа шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстарының барысы туралы баяндама жасалды. Мердігерлер өзен аумағындағы өңдеу жұмыстарын бастаған. Ғылыми топтың ұсыныстары бойынша зиянкестермен күрес тәулік бойы жүргізіліп, күн сайын 150 гектарға дейінгі алқап өңделіп жатыр. Дизинсекциялық жұмыстардың қызатын кезі мамыр айының ортасынан соңына дейін созылады – сол кезде Ертістің бас жағынан жіберілетін су көлемі ұлғайып, өзен деңгейі көтерілмек. Мамандар дәрі-дәрмектің қажетті мөлшері мен құрал-жабдықтың дайын екенін айтып отыр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Дезинсекциялық жұмыстар қоғамдық бақылауға алынуы тиіс.Бұл жұмыстар сапасының басты критерийі – аймақ тұрғындарының бағасы. Олар үшін және біздің аймақ қонақтары үшін жайлылық қамтамасыз етілуі керек.

Парковая көшесіндегі су құбыры ауыстырылғаннан кейін 1,5 шақырым көлік пен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Павлодар-Водоканал» ЖШС мердігерлері белгіленген жұмыс көлемін екі апта ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдері Әбілқайыр Сқақовқа Кенжекөл ауылы маңындағы жолайрық құрылысының барысы жайлы баяндады. Бұл нысан күзгі аязға дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс. Қазірдің өзінде 85% қиыршық тас пен 60% битум дайындалған. Сонымен қатар жол құрылысы мамандары Павлодарға Шығыс Қазақстан облысы жағынан кіретін жолды қалпына келтірумен айналысып жатыр. Мердігерлер заманауи технологияны қолданып, жұмыс нәтижелеріне бес жылдық кепілдік беруге дайын екендігін жеткізді. Қаланың айналма жолындағы стела маңында да жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Алаңның қиыршық таспен жабылған негізгі бөлігі тақтаймен көмкеріліп, шетіндегі жасанды көгалдардың орнына табиғи шөп және көпжылдық бұталар отырғызылады. Облыс әкімі стеланың жарықтандырылуына назар аударып, оның біркелкі жарықтандыру мәселесін реттеуді тапсырды.

«Достық» шағын ауданында аймақ басшысы төрт жаңа тұрғын үйдің құрылысының барысымен танысты. Әр учаскеде тәжірибелі әрі жергілікті құрылыс компаниялары жұмыс істеп жатыр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл несиелік тұрғын үй болғандықтан, қоныстары үшін болашақ тұрғындар бірнеше жыл бойы төлем төлейтін болады.Жұмысты сапалы орындау – мердігерлерге абырой. Біз «Достық» шағын ауданындағы алғашқы үйлерде көрініс тапқан жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек. Әрине, жолшыбай жаңа көп қабатты үйлер тұрғызу үшін коммуникациялар тарту қажет.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ТМ-42 жылу магистралінің құрылыс алаңына барды. Ол Павлодар қаласының оңтүстік бөлігін жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге арналған желі. Мердігер компанияның өкілдері Н.Назарбаев даңғылының бойындағы жұмыстарға кірісті.

«Павлодарские тепловые сети» ЖШС базасында кәсіпорын басшысы Марат Иманаев температуралық сынақтар нәтижелері туралы баяндады. Құбырларға жоғары температуралы жылу тасымалдағыш жіберілгеннен кейін қала желілерінің оңтүстік аймағында 26, ал солтүстігінде 7 орынның зақымданғаны анықталған. Зақымдардың дені кварталішілік желілерде орын алған. Қазір мамандар гидравликалық сынақтар өткізуге дайындалып жатыр: ол 3–6 мамыр аралығында Павлодардың оңтүстік бөлігінде, 10–16 мамыр аралығында – солтүстік бөлігінде өткізілмек.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Проблемалы аймақтардың картасы жасалу тиіс, соны ескере отырып, жөндеу жұмыстарының кестесін құру керек. Сонымен бірге, жаңа жылыту маусымына дайындықтың басталуын күтпестен, қыста жылу жетіспеушілігі тіркелген барлық үйлерді айналып шығу керек. Өткен жылыту маусымында біз 300-ден астам проблемалы ғимаратты анықтадық – бұл тізім қысқаруы тиіс. Мен бұл жұмысты бақылауға аламын.

Әбілқайыр Сқақов күн сайын қоқыс үйінділері пайда болатын Суворов зиратының аумағына да барып шықты. Осындай жағдай Павлодардың саяжай кооперативтері аймағында да орын алған. Аймақ басшысы зираттың айналасын тазартуды тапсырып, мұндағы тазалықты сақтау үшін қоқыс жәшіктері мен контейнерлердің орнатылуы керектігін ескертті.

 

Қуандық Танабас

Тақырып бойынша материалдар

XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
17:05, 12 мамыр 2021
XXXI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТ СОММАСЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
18:22, 22 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТ СОММАСЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...