
Облыс бойынша коронавирус ауруының күрт өсуіне байланысты жедел-жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны артқан. Тұрғындар түрлі шағымдармен хабарласады.
Өткен тәулікте 103-ке 3500-ден асам хабарлама келіп түскен. Соңғы екі апта көлемінде жедел-жәрдем қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Әсіресе консультативтік сипаттағы қоңыраулар жиі түсетін болған.
Ирина Мищенко, жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары:
Көбінесе адамдар дене қызуының көтерілуі, жөтел, әлсіздік барын айтып шағымданады. Тұрғындарды сабырлық танытуға шақырғым келеді. 103 қызметіне түсетін барлық қоңырауларға міндетті түрде жауап беріледі. Медициналық көмек көрсетіледі.
Атап өту керек, 103-тегі қоңыраудан басқа, жедел жәрдемге тәулік бойы 32 00 24 және 32 37 78 қалалық нөмірлері бойынша, сондай-ақ телеграмбот арқылы жүгінуге болады.
Аяулым Рахымжанова