ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ

18:54, 1 ақпан 2021

Павлодар облысында квиге қарсы жаппай вакцина салу басталды. Алғашқылардың бірі болып, облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов екпе салдырды. Ал, денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес Ертіс-Баян өңіріне КОВИД-19-ға қарсы вакциянаның 80 мың дозасы бөлінген. Толығырақ әріптесім Зұлқарнай Ермұратұлы тарқатады.

Алғашқылардың бірі болып, облыс әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы екпе салдырды. Ешқандай кері әсері болмағандығын айтады. Дәрігердің нұсқаулығына сәйкес, барлық талаптарды орындапты. Екпе салғаннан кейін 20 күн амбулаторлық бақылауда болады. Ал, ақпан айының  21-і күні вакцинациялаудың екінші кезеңі басталмақ.

Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Вакцинаны алдық бірінші болып. Өзімізді жақсы сезініп тұрмыз. Ешқандай сондай қатты әсері білінбейді. Мен де осы сәтті пайдаланып, барлық облыстың тұрғындарына вакцинаға көзқарасты түзету үшін осындай қадамға барып жатырмыз.

Сала мамандарының айтуы бойынша адамдар екпе салуға өз еркімен келуі керек. ал, вакцинациялау тәртібі келесі алгоритм бойынша жүргізіледі.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Алдымен дәрігер екпе салатын адамның денсаулығын бақылайды. одан кейін арнайы сауалнама жүргізеді. егер, денсаулығы жақсы болып, ешқандай кері әсері болмаса, екпе салуға мүмкіндік алады. ал, одан кейін міндетті түрде 30 минут дәрігердің бақылауында болуы шарт.

Препараттардың алғашқы партиясы 1200 доза. Ол 31-ші қаңтарда Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына сақтауға жеткізілген. Айта кету керек, квиге қарсы препараттар сақталатын қоймалар арнайы мұздатқышпен жабдықталған. Сала мамандары жетіспеушілік туындаған жағдайда қан орталығының қоймасын іске қосамыз деп отыр.Ал, әкелінген доза 2 аптаға жетеді деп жоспарланған.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұл дозаны екі аптаның ішінде салып бітіреміз деп отырмыз. Өйткені оның бір флаконы 5 адамға шақталған. Яғни, алдын ала 5 адамды дайындап аламыз. Препарат мұздатқыштан шығарылғаннан кейін саламыз. Ал, екпе салған соң шұғыл көмек көрсету желілерінің нөмірін береміз. Қандай да бір кері әсері болған кезде хабарласып, медицинналық көмек ала алады.

Ал, жергілікті жерлерде, яғни, аудан қалаларда екпе салу үшін препараттар арнайы термоконтейнерлерде жеткізіледі. Екпе салу жұмыстары медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдарының базасында 107 егу кабинетінде жүргізіледі. Егу науқанын сапалы жүргізу үшін облыста 1125 медициналық қызметкер дайындық курсынан өтіпті.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
18:55, 3 тамыз 2021
Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
20:22, 2 тамыз 2021
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...