ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жаңа томограф іске қосылды

19:47, 12 қазан 2021

Екібастұздағы қалалық ауруханаға су жаңа компьютерлік томограф орнатылды. Сомасы 300 млн теңгеден асатын құрылғы 128 тілімді. Ол өз кезегінде науқастың жағдайын 10 секундта анықтауға мүмкіндік береді, дейді сондағы дәрігерлер.

Екібастұзда осымен екінші компьютерлік томограф іске қосылды. Аталмыш компьютерлік томограф кеншілер шаһарындағы қалалық ауруханаға қойылған.   Бұл жаңа құрылғы науқастардың кезегін азайтуға, нақты әрі тез диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Светлана Подзорова, Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Ауруханада бұл екінші компьютерлік томограф. Біз оны көптен бері күткен едік. Бұл науқастардың жағдайын біліп, тексеру үшін маңызды. Бұрын мүмкіндік болмайтын, амбулаторлық пациенттер арқылы жасайтынбыз, одан кезек жылжып ыңғайсыздық туатын. Міне енді мәселе шешілді.

Планшет, қашықтан басқару пульті, камера, контрастты инжекторға арналған қондырғы және жұмыс орнының жаңа дизайны күнделікті КТ процедураларын жүргізу кезінде бірталай жеңілдіктерге әкеледі. Модель оңтайландырылған дайындықты, жылдам сканерлеуді және әрбір зерттеу жағдайында стандартталған нәтижелерді қамтамасыз етеді.

Ардақ Қаңтарбаев, Екібастұз қаласының әкімі:

Мына сатып алған құрылғы 350 млн теңгедей тұрады.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы шеңберінде денсаулық сақтау министрлігінің бюджет қаражаты есебінен алынған жаңа техникалық параметрлері бар. «SOMATOM go.Top» маркалы компьютерлік томограф қазір пайдалануға берілді. Бізде енді технологиялық тұрғыдан ең заманауи болып табылатын жабдық - компьютерлік томограф бар.  Бүгінгі таңда бұл максималды мүмкіндігі бар техника болып табылады.

Шарттың талаптары бойынша қабылдаушы тарап өз есебінен аппарат орналасатын бөлмеге жөндеу жүргізуі, сондай-ақ үздіксіз қуат көзін орнатуы тиіс. Бұл үшін қосымша қаржыландыру талап етіліп, «Богатырь Көмір» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандум аясында 7,8 млн теңге сомасына демеушілік көмек көрсетті.
Құрылғы 300 келіге дейін кез келген науқасты кез келген параметрлермен қабылдап, тексеру жүргізе алады. Сондай-ақ, «ДИСКОНТ» өндірістік кооперативінде де жаңа, үшінші томограф орнатылады деп күтілуде. Ол да жақын арада жүзеге асады

Айдар Естемесов, сәулелі диагностика бөлімшесінің дәрігері:

128 тілім оның 128 детекторы бар деген сөз. Ол жедел жағдайда, бастан бастап аяққа дейін 10 секундтта зерттеуге мүмкіндік береді. Адамда Кт немесе МРТ арқылы өтетін зоналар болады, мына КТ өзінің жұмысын жақсы орындайды.

Аурухананың бас дәрігері Мұхамедқайыр Андосовтың айтуынша, тексеру нәтижелерін дайындау онлайн режимде өтеді, яғни аппараттағы пациентті тексеру суреттері бірден дайын болады. Дәрігерлер барлығы портативті техникамен қамтамасыз етілген, бұл пациенттердің КТ кескінін көруге мүмкіндік береді.

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
19:15, 22 қазан 2021
Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...