ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСЫ САЯБЫРСЫДЫ

11:20, 13 мамыр 2020

Өңірде коронавирус қарсы сынама алатын екі зертхана жұмыс істейді. Облыста пандемияның ушыққан кезінде лабораторияларда дамыл болмады. Қазір олардың да қарқыны саябырсыған. Өйткені, осы күндері сынама тапсыру 50 пайызға дейін азайған. Мәселен, кеше 617 адамнан талдама алыныпты.

Бүгінге дейін ковид-19 қарсы 23 077 адамнан сынама алынған. Олардың 154-нен коронавирус анықталды. Тест тапсырғандар көбінесе адамдармен жиі байланыста болатын медицина және полиция қызметкерлері, қала аумағына кіріп шыққан жүргіншілер, сондай-ақ, науқсастармен қарым-қатынаста болғандар.

Күміс Мұхтарова, вирусологиялық зертхана меңгерушісі:

Бірінші кезекте жүкті әйелдер, онкологиялық ауруға шалдыққан адамдар, және санавиация қызметінің сұрауы бойынша,  жаңа туған балалардан қажет болған жағдайда анализ бірінші кезекті алынады. Сондай-ақ  медицина қызметкерлерінен профилактикалық мақсатта алынады. Барлық зерттеулер мемлекеттік тапсырма бойынша емхана тарапынан тегін жүргізіледі.

КВИ өршіген кезде 3 ауысыммен жұмыс істеді. Әр аусымда 10 маман текст алатын. Енді жұмыс режимі едәуір жеңілдеді.  Бұрынғыдай күніне 12 сағат емес, 8 сағаттық жұмыс тәртібіне көшкен. Сынама тапсыратындардың да саны азайды.

Күміс Мұхтарова, вирусологиялық зертхана меңгерушісі:

Пик кезінде күніне 1200 адам анализ тапсырған кездер болды. Бүгінгі күні бұл сан азайды. Кешегі күн бойынша 617 адам сынама тапсырды.

Зертханада әр адам өз бетінше ковид-19 вирусына сынама тапсыруға болады. Әлбетте, ақылы түрде. Бағасы 11500 теңге. Нәтижесі бір күннен кейін анықталады. Емхана тарапынан жеткізілген сынамаларды сараптап, бір күннің ішінде қорытындысын шығарады.  Бастапқыдай емес қазір вирусқа шалдыққандар бәсеңдеп барады. Әйтсе де, сақ болған жөн, дейді мамандар.  

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
20:23, 9 тамыз 2020
ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...