ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Вируспен күрес

18:54, 13 қыркүйек 2021

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Ефим Петренко Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысып, батыр атанған. Қазіргі бейбіт уақытта елмен бірге аты жаман аурумен күресіп жатыр. Әлемді әбігерге салған бұл індет жасты да, кәріні де аяп жатқан жоқ.

Ефим Емельянович Петренко 1917 жылы Шарбақты ауданына қарасты Новоселовка ауылында туған.  Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Киев,  Вязьмо,  Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысқан.  1942 жылы ауыр жарақат алып,  аяғынан айырылады.  Соғыстан кейін үйіне оралған соң  30 жыл инженер болып қызмет атқарады.  Қазан айының 25-ші жұлдызында ардагер 104 жасқа толады.  Елден қалмайын деп, індеттің індеп кетуіне жол бермеу үшін вакцина салдырыпты. 

Ефим Петренко, соғыс ардагері

Ештеңе болған жоқ.  Дене қызуым мен қысымым да көтерілмеді.  Өзімді жақсы сезіндім.

Айта кету керек, короновирус инфекциясы қарт адамдарға ауыр тиеді. Сондықтан ауруды асындырып алмау үшін, екпе алу маңызды дейді соғыс ардагері Ефим Петренко.

Ефим Петренко, соғыс ардагері:   

Құрметті жерлестер,  өздеріңізді қауіп-қатерге итермелемеңіздер.  Сондықтан ұжым болып, екпе салдыруымыз керек.  Біз сол кезде ғана мына індетті жеңеміз. 

Ардагердің айтқаны өте орынды. Ақ халаттылар да бұндай кеңес береді.

Қарлығаш Ибрагимова, Шарбақты аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Ауданда 7 екпе бригадасы жұмыс істейді.  Оның 5-і ауылдық жерлерде орналасқан.  Ал, екеуі аудан орталығында. Әрине, вакцинацияның маңыздылығын барлығы біледі.  Сондықтан, екпе алуға келетіндер саны артып отыр. 

Қазіргі статистикалық деректер бойынша, Шарбақты ауданында халықтың 55%-ы екпе алған.  Бұл шамамен 6392 адам.  Күніне 50 адам екпе салдыртып жатыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы,  Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...