ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ВАКЦИНАНЫҢ ЕКІНШІ КОМПОНЕНТІН ЕГУ БАСТАЛДЫ

19:49, 22 ақпан 2021

Павлодар облысына Ресейдің «Спутник-ВИ» вакцинасының тағы 1200 дозасы жеткізілді. Бүгіннен бастап ақхалаттыларға екпенің екінші компоненті салынып жатыр.

Нұрәлем Сапарбеков - №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері. 1 ақпан күні алғашқылардың бірі болып, өз еркімен коронавирусқа қарсы Ресейдің «Спутник-V» вакцинасын салдырған.

Нұрәлем Сапарбеков, №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері:

Сол бірінші күні алғаннан бастап, үш күн ішінде өзім тіркелген учаскелік дәрігердің бақылауында болдым. Яғни, күн сайын аудио, видео қоңыраумен жағдайымды біліп отырды. Қызу көтерілу сияқты жанама әсерлер болған жоқ. 1 ақпан күні қалай алдым. Содан әрі қарай, 30 минуттық бақылаудан кейін жұмысыма оралып, жұмыс істеп жатырмын.

Дәрігер екпе салдыруға бірден келісімін беріпті. Себебі вакцина - вирустық инфекциялардың алдын алуға болатын бірден-бір тәсіл-деп есептейді Нұрәлем Сапарбеков

Нұрәлем Сапарбеков, №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері:

Бүгін екінші компонетті алып отырмын. 21 күннен кейін. Жағдайым қанағаттанарлық. Ешқандай шағымдарым жоқ. Алғаннан кейін барлық жадынаманы берді. Енді үш күн бойы тағы да әчаскелік дәрігерімнің бақылауында боламын.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Ресейлік вакцина екі компонеттен тұрады. Оның біріншісі антиденелерді жеткілікті мөлшерде қалыптастыра алмайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы тұру үшін адамға 21 күннен кейін вакцинаның екінші компоненті салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысына вакцинаның алғашқы 1200 дозасы 31 қаңтарда жеткізілген болатын. Сол көлемде күні кеше Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына екінші партиясы әкелінді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛУДЕ
20:25, 23 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...