ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖАЛҒАСУДА

19:43, 8 сәуір 2021

Тұрғындарды вакцинациялау еліміздің барлық аймағында жалғасып жатыр. Мәселен, Павлодардағы нөмірі 2 емханада осы уақыта дейін 800-ден аса вакцина салыныпты. Сонымен қатар, кәсіпорындар жұмысшыларын вакцинациялау жүргізілуде.

Бұл Павлодар қаласында №2 емхана. Дәрігер екпені салмас бұрын алдымен пациентке вакцинаның ағзаға әсерін жан-жақты түсіндіруде. Егер де екпеден кейін адам өзін жайсыз сезінсе, қалай әрекет ету керектігін жіті айтып жатыр. Осылайша, дәрігер вакцинаның алдында пациентті толығымен тексереді. Екпеден кейін, ол 30 минут мамандардың бақылауында болады. Қазір күнге дейін емдеу мемекесінде 825 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдыртқан.

Елена Кияткина, қалалық №2 емхана «№1 отбасылық денсаулық» орталығының меңгерушісі:

Бірінші ақпаннан бастап 130 доза алдық. 21 күннен кейін вакцинацияның екінші кезеңі басталды. 1-ші наурыздан кейін, «Спутник-V» вакцинасын 335 дозасы әкелінді. 31 наурыздағы жағдай бойынша тағы да қосымша 510 дозасын алдық. Студенттер, педагогтар, әскери қызметтегі адамдарға, зейнеткерлер, есепте тұрғандарға екпе салына бастады. 

Бұдан бөлек қосымша, кәсіпорындар жұмысшыларына 200 доза бөлінді. Екінші емхананың учаскесіне жататын, өндіріс орындарында еңбек ететін қызметкерлерді вакцинациялау үшін арнайы бригадалар жасақталған. Дегенмен, вакцинаны барлығына бірдей салуға болмайды. Өзіндік талаптары бар.

Роза Мұрақаева, қалалық №2 емхана педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі:

Вакцинация 18 жасқа дейінгі балаларға салуға болмайды. Қазіргі уақытта екпені денсаулығында кінәраты жоқ 18 жастан 80 жасқа дейінгі кез-келген адам сала алады.  Коронавирустық инфекциямен ауырып шыққан адам 6 айдан кейін екпе салдырта алады. Алдымен толығымен жазылып, терапевттің қарауынан кейін ғана вакцина алуға болады.

Мамандардың айтуынша, жалпы өз еркімен екпе салдыртып жатқан тұрғындар көбеюде. Дегенмен, қала тұрғындарының екпеге деген көзқарасы әртүрлі.  Байқағанымыздай, пікірлер екі жаққа бөлінді. Басым көпшілігі вакцинацияға қарсы. Ал кейбіреулері, екпе салдыртудан кем емес. Айта кетерлігі, вакцинациялау ерікті түрде және тегін жүргізіледі.

 

Әйгерім Бозанбаев

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...