ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Вакцина салдырған 50 адам КВИ жұқтырды

18:57, 9 маусым 2021

Павлодар облысында вакцина салдырған 50 адам коронавирусқа шалдыққан. Басқарма басшысы бұл жағдайлар алғашқы компоненттен кейін болды деп хабарлады. Ауырғандардың басым бөлігі жеңіл түрде сырқаттанған.

Павлодар облысында коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны азайып келеді. Сары аймаққа өткенімізбен, бұл босаңсуды білдірмейді. Себебі, әлі сақтық шараларының маңыздылығы жоғары. Осы ретте вакцина вирусты тежеудің тиімді тәсілі. Бірақ облыста екпе салдырып инфекцияны жұқтырып алғандар да бар.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Спутник виді алғаннан кейін науқастанған 50 адам бар. Олардың барлығы бірінші компонентті салдырған соң ауырып қалды. Басым бөлігі симптомсыз ауырып шықты. Олар вакцинаны ауруды таратқыш немесе симптомсыз ауырып жүргенде салдырғандар. Жалпы, екпе салдырған 70 мыңнан аса адамнан індетке шалдыққандар әрине аз.     

Бұл статистикаға қарамастан, облыстың бас дәрігерінің сөзінше вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың басым бөлігінде ауру жеңіл түрде өткен.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Екіншіден вакцина алғаннан кейін індетке шалдыққандар жеңіл немесе орташа деңгейде ауырып шықты. Олардың қатарында ауыр жағдайда сырқаттанғандар жоқ.   

Естеріңізге сала кетейік, облыста 103 екпе салу кабинеті жұмыс жасап тұр. 14 пункт сауда үйлерінде, жоғары оқу орындарында, мәдениет үйлерінде бар. Шілде айының ортасына дейін облысқа тағы 50 мың доза Спутник видің бірінші компоненті жеткізіледі деп күтілуде.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС жүйесі арқылы 135 195 адам сақтандырылмаған
18:20, 10 маусым 2021
МӘМС жүйесі арқылы 135 195 адам сақтандырылмаған
Толығырақ...
Елордалық дәрігерлер қабылдау жүргізді
18:58, 9 маусым 2021
Елордалық дәрігерлер қабылдау жүргізді
Толығырақ...
Маусымдық аллергиядан қалай айығуға болады?
22:31, 8 маусым 2021
Маусымдық аллергиядан қалай айығуға болады?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...