ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҰСТАЗДАРҒА ЕКПЕ САЛУ БАСТАЛДЫ

18:29, 1 наурыз 2021

Өңір бойынша коронавирусқа қарсы вакинациялаудың екінші кезеңі басталды. Ақ халаттылардан кейін екпе алу кезегі облыстың ұстаздарына да жетті. Айта кетейік, бұған дейін өңірдің медицина қызметкеріне Ресейдің «Спутник -V» вакцинасы егілген болатын.

Ұстаздарға вакцина салдыруды облыстың бас педагогы өзі бастап берді. Дінислам Болатханұлы алдымен медициналық жіті тексерістен өтті. Дене қызуы, қан қысымы өлшенгеннен кейін  келісімін қол қойып растады. Екпе алған соң Дінислам Болатханұлы алғашқы жарты сағат міндетті бақылауда болды. Дүйсенбілік қым-қуыт шаруадан бас көтермеген басқарма басшысында екпе алдында қобалжуға да уақыт болмапты. «Вакцина салғызу азаматтық та, ұстаздық та парызым» дейді ол.  

Дінислам Болатханұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бас айналу, өзімді бір әлсіз сезіну сияқты қандай да бір белгілер өз бойымнан байқап отырған жоқпын, қуанып отырмын осы вакцинация арқылы осы бір індеттен құтылып, бәріміз қалыпты өмірге тез-тез өтсек екен сөйтіп балаларымыз мектепке түгел барса екен, мұғалімдерім ешқандай ауруға шалдықпай өздерінің қызметін жасаса деген үлкен ой ниет.

Дінислам Болатханұлымен қатар 4-ші емханада тағы 10 педагог вакцина салдырды.

Сайран Смағұлова, №9 ЖОББМ мұғалімі: 

Өзімнің, балалардың қауіпсіздігі үшін екпе салдыруға шешім қабылдадым. Спутник вакцинасына сенемін, ол туралы көп оқыдым. Бұл қалыпты жағдай деп есептеймін.

Гүлсара Мәлікова,тілші:

Препараттардың өңірімізге ұстаздар үшін жеткізілген  үшінші партиясы 4050 доза.  Әкелінген екпе әдеттегідей облыстық аурухананың арнайы жабдықталған қоймасында сақтаулы. Барлығы 1140 ұстазға екпе жасау жоспарланып отыр.  Аймақта бүгін 115 білім қызметкерлері  вакциналаудан өтпек.

Бұл жолы салынған вакцина да   Ресейде өндірілген Спутник – ви. Ол екі кезеңнен тұрады. Біріншісінен 21 күн өткенде денсаулық жағдайы қалыпты болса, екіншісі салынады. Ал екпе күші қаншаға жететіні әзірге белгісіз.

Людмила Асташкина, эксперт дәрігер:

Бүгін біздің 4-ші емханада 15 педагогқа екпе саламыз деп жоспарлап отырмыз. Бәрі де кесте бойынша. Вакцина алушыларға ең болмады сол күні ауыр ой, дене еңбегімен айналыспауға кеңес береміз. 3 күн бойы реакция болуы мүмкін екендігі туралы да ескертеміз.

Вацинациялауда мәжбүрлеу жоқ, әркімнің өз еркі. Айта кету керек, бұл күнге дейін өңірде 2000 ұстаз екпе еккізуге өтініш білдірген.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...